Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда онкологиялық аурулар өлім-жітімі 5% тө...

Қазақстанда онкологиялық аурулар өлім-жітімі 5% төмендеді

Медицина 23.09.2022, 09:02 1,735
Қазақстанда онкологиялық аурулар өлім-жітімі 5% төмендеді
Сурет: Media.nenaprasno.ru

Пациенттердің өмір сүру деңгейі бес пайызға артқан.


2018 жылдан бастап Қазақстанда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші 5% төмендеген. Бұл туралы мамандар Алматыда өтіп жатқан «Онкологияның өзекті мәселелері мен заманауи мектептері туралы» халықаралық ғылыми–тәжірибелік конференция барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.


Аталмыш шара барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің бөлім басшысы Гүлнар Мақсұтова 2018 жылдан бері онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші 5 пайызға төмендеді деп мәлімдеді.


Алдымен Қазақстанда 2018-2022 жылдарға арналған қатерлі ісікпен күресудің кешенді жоспары жүзеге асырылып отырғанын еске сала кету керек.



«Кешенді жоспардың іс-шараларын жүзеге асыру барысында қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітімді төмендетудің оң үрдістері байқалады, 2018 жылдан бастап өлім-жітім деңгейі 5 пайызға төмендеді. 2018 жылы өлім-жітімді көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 78,1 құраса, 2022 жылдың 6 айында бұл көрсеткіш 66,8 құрады. COVID-19 жағдайына қарамастан, 0-1 сатыдағы онкологиялық аурулардың ерте диагностикасы артып, 2022 жылы анықталған ерте кезеңдердің үлесі 28,7 пайызды құрады», - деді Гүлнар Мақсұтова.



Сондай-ақ, спикердің айтуынша, пациенттердің 5 жылдық өмір сүру деңгейі 55 пайызға дейін, яғни 2018 жылмен салыстырғанда 5 пайызға артқан.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологы, «ҚазОРҒЗИ» АҚ басқарма төрайымы Диляра Қайдарованың айтуынша, қазіргі кезде Қазақстан Республикасының онкологиялық қызметін дамыту мен жетілдірудің келесі кешенді жоспары карастырылып жатыр. Ол жаңа онкожоспар алдағы 5 жылға есептелетін болады.


Биылғы 2022 жылғы 22-23 қыркүйек күндеріне межеленген конференция өкпе обыры, сүт безі обыры, колоректальды обыр және қуық асты безі обыры бойынша онкологтар мектептерін қамтып, клиникалық жағдайлар талқыланып, ұлттық және шетелдік сарапшылармен пікір алмасу жүріп жатыр.


Сондай-ақ, әртүрлі сипаттағы ісіктерді диагностикалау және емдеу бойынша шеберлік сағаттары, саттелиттік симпозиумдар, сондай-ақ фармацевтикалық препараттар мен медициналық техника өндірушілерінің көрмелері ұйымдастырылды.


Іс-шараға Қазақстаннан, жақын және алыс шетелдерден 300-ден астам онколог, сәулелік диагностика дәрігерлеры және терапевт, ядролық медицина мамандары қатысып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#онкология #Қазақстан #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстанның қаржы секторы алдағы референдумды қолдады

Бүгін 18:25

Тұңғышбай Жаманқұлов жастарды кітап оқуға, уақытты қадірлеуге шақырды

Бүгін 18:16

Алматы 2-ЖЭО-ын жаңғырту атмосфераға тарайтын зиянды шығарындыларды айтарлықтай азайтуға бағытталған

Бүгін 17:49

Арнайы операция: есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды

Бүгін 17:14

Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика