Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда өнеркәсіптік кәсіпорындардың атмосфера...

Қазақстанда өнеркәсіптік кәсіпорындардың атмосфераға әсері азаяды

Әлеумет 21.01.2025, 12:29 1,268
Қазақстанда өнеркәсіптік кәсіпорындардың атмосфераға әсері азаяды
Сурет ЖИ

Қазақстанда өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаға тигізетін зиянын азайту мақсатында жаңа шаралар қолға алынып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Министрдің айтуынша, Экологиялық кодекске сәйкес, 17 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын ең үздік қолжетімді технологияларды (ЕҮТ) енгізуі қажет. Бұл технологиялар атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын азайтып қана қоймай, кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек жағдайларын да жақсартуға мүмкіндік береді.

Бүгінде осы кәсіпорындардың бесеуі бағдарламаларын бекітіп, оны кезең-кезеңімен іске асыруды бастады. Сонымен қатар, биыл металлургия саласындағы тағы үш кәсіпорын өздерінің экологиялық бағдарламаларын қабылдауды жоспарлап отыр.

Өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін кәсіпорындар атмосфераға шығатын зиянды заттарды азайту бойынша белсенді жұмыс істеп келеді. Олар жыл сайын қалалар мен аудандарды көгалдандыруға және елді мекендерді абаттандыруға бағытталған іс-шараларға қатысып, табиғатты қорғау саласында әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға атсалысуда.

Бұл шаралар қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде оң өзгерістерге қол жеткізіп, өнеркәсіптік саланың тұрақты даму үлгісін қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өнеркәсіп #Экология #технологиялар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қаладағы заң» атты жастар квесті басталды

Бүгін 20:45

Бокстан Бразилиядағы әлем кубогына шолу

Бүгін 18:48

200 қазақстандық оқушы Хьюстондағы робототехникадан әлем чемпионатына қатысады

Бүгін 18:41

Екі қазақстандық спортшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 18:35

Биіктен құлаудан – алғашқы қадамға дейін

Бүгін 18:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика