AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда мемқызметшілердің кәсіби деңгейін дамы...

Қазақстанда мемқызметшілердің кәсіби деңгейін дамытуға арналған құжат әзірленіп жатыр

Әлеумет 09.12.2022, 11:36 1,280
Қазақстанда мемқызметшілердің кәсіби деңгейін дамытуға арналған құжат әзірленіп жатыр
Сурет: 24.kz

Қағидаттар мен ұстанымдар жүйеленіп жатыр.


Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін жетілдіруге арналған ұстанымдар әзірленіп жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Мемлекеттік міндеттерді қоғамның талап-тілектеріне сай жүзеге асыру үшін негізгі құндылықтар мен басымдық берілетін қағидаттарды қайта қарау – өзекті. Мемлекеттік қызметтегі адам ресурсын ілгерілету мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдірумен де тығыз байланысты», – деді Дархан Жазықбаев елордада өтіп жатқан «Мемлекеттік қызметтегі HR: персоналды стратегиялық басқаруға көшу» форумында.



Осы орайда ол агенттік мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық болмысы жайлы, сондай-ақ сананы жаңғыртуға бағытталған құжат даярлап, оны таныстыруды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге қатысты қағидаттар мен ұстанымдар жүйеленіп жатыр.


Оның пайымынша, бұл құжат мемлекеттік қызметшілерде әдістемелік құрал ретінде болуы тиіс. Онда қоғамға үлгі көрсету, ұлттық мүддені ойлап, мемлекетшіл болу, әділдіктің баршаға ортақ игілік болуы, пікір алуандылығын қолдау, антқа адалдық сынды негізгі қағидаттар белгіленуі жоспарланған.



«Бұл құжатты біз алдағы уақытта қоғаммен талқылауға салатын боламыз. Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жүйелі түрде өзгеруді, қайта құруды қажет етеді. Адамдардың ой-санасын жаңғырту адам ресурстарының сапасына әсер етеді. Ұсынылатын құжат мемлекеттік қызметшілердің саналы, рухани-адамгершілік тұрғыдан өзгеруін ынталандыруға бағытталған және олардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі қызметін сапалы түрде жүргізуге арналған. Ең бастысы – ел алдындағы жауапкершілікті сезіну», – Дархан Жазықбаев.



Бұдан бұрын хабарланғандай, мемлекеттік қызметке орналасуда конкурстық рәсімді өткізу форматы қайта қаралды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #ереже #мемқызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқу қайтадан сәнге айналды: Алматыда мыңға жуық жас Республика күніне орай флешмобқа қатысты

Бүгін 15:34

Алматылық шахматшылар әлем чемпионатында алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды

Бүгін 15:31

Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады

Бүгін 14:31

KGIR-2026: Олжас Бектенов шетелдік инвесторлармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады

Бүгін 14:31

Колледждерден бастап МӘМС-ке дейін: Алматы кәсіпкерлері мемлекетпен қандай мәселелерді талқылап жатыр?

Бүгін 14:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);