AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматылық шахматшылар әлем чемпионатында алтын, кү...

Алматылық шахматшылар әлем чемпионатында алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды

Спорт Бүгін 15:31 37
Алматылық шахматшылар әлем чемпионатында алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды

Алматылық шахматшылар Испанияның Рокетас-де-Мар қаласында өткен ФИДЕ-нің жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын, күміс және қола медаль иеленді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.

13 жасқа дейінгі санатта халықаралық мастер Данис Қуандықұлы алтын медаль жеңіп алып, әлемнің үш дүркін чемпионы атанды. Ол турнир барысында бірде-бір рет жеңілмей, он партияда жеңіске жетіп, бір партияны тең аяқтады. 11 партияның 10-ында жеңіске жеткен Данис 10,5 ұпаймен екінші орын иесінен 1,5 ұпайға басым түсті. Бұған дейін алматылық шахматшы 2023 және 2025 жылдары әлем чемпионы атанған.

15 жасқа дейінгі санатта ФИДЕ шебері Алдияр Жарас күміс медаль иеленді. Ол 11 ұпайдың 8-ін еншілеп, 85 шахматшының арасынан екінші орын алды. Жарысты бастапқы рейтинг бойынша 11-орыннан бастаған алматылық шахматшы әлем чемпионатын жүлдегерлер қатарында аяқтады.

17 жасқа дейінгі қыздар арасында әйелдер арасындағы халықаралық шебер Мария Холявко қола медаль жеңіп алды. Өзінен жасы үлкен шахматшылармен сынға түскен ол 11 ұпайдың 8,5-ін жинады. Соңғы турларда қатарынан төрт рет жеңіске жетіп, үздік үштікке енді.

Әлем чемпионатына 82 елден 721 шахматшы қатысты. Алматылық спортшылар үш жас санатында жеңіс тұғырына көтеріліп, Қазақстан құрамасының жалпыкомандалық жеңісіне үлес қосты. Ұлттық құрама жарысты 13 медальмен аяқтады. Оның жетеуі – алтын, екеуі – күміс және төртеуі – қола.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахмат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқу қайтадан сәнге айналды: Алматыда мыңға жуық жас Республика күніне орай флешмобқа қатысты

Бүгін 15:34

Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады

Бүгін 14:31

KGIR-2026: Олжас Бектенов шетелдік инвесторлармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады

Бүгін 14:31

Колледждерден бастап МӘМС-ке дейін: Алматы кәсіпкерлері мемлекетпен қандай мәселелерді талқылап жатыр?

Бүгін 14:04

Алматыдағы MEGA Silk Way сауда орталығында Republic Day акциясын бутиктермен қатар мейрамханалар да қолдады

Бүгін 13:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);