AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Кітап оқу қайтадан сәнге айналды: Алматыда мыңға ж...

Кітап оқу қайтадан сәнге айналды: Алматыда мыңға жуық жас Республика күніне орай флешмобқа қатысты

Алматы Кеше 15:34 126
Кітап оқу қайтадан сәнге айналды: Алматыда мыңға жуық жас Республика күніне орай флешмобқа қатысты

Республика күні қарсаңында Алматыдағы Астана алаңында мың жастың басын қосқан «Егемендік – Елдік бастауы» атты флешмоб өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара кітап оқуды насихаттауға, әдебиетке және ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты арттыруға арналды. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері хабарлады.

Акция барысында бес қатысушы әдеби шығармаларды таныстырып, сол туындылардан үзінділер мен дәйексөздер оқыды. Ұйымдастырушылар осылайша өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі кітаптың маңызына назар аударуды мақсат етті.

Бастама Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған кітап оқитын ұлт қалыптастыру міндеттерімен, сондай-ақ жауапты әрі білімді азаматтарды тәрбиелеуді көздейтін «Адал азамат» тұжырымдамасының қағидаттарымен үндеседі.

Алматыда бұл бағыттағы жұмыс қала әкімі Дархан Сатыбалды айқындаған басымдықтармен де байланысты. Олардың қатарында жастар бастамаларын қолдау, білім сапасын арттыру және алматылық жастардың өзін-өзі дамытуына жағдай жасау бар.

Бұған қоса, «Оқитын ұлт» жалпыұлттық марафоны аясында қалалық чемпионат өтті. Байқауды Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Skill All қысқа мерзімді курстардың жобалық кеңсесі ұйымдастырды.

Қатысушыларға төрт шығарманың бірін таңдау ұсынылды. Олар: Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі», Олжас Сүлейменовтің «АЗ и Я», Мари Фавероның «Алтын Орда. Дала империясы әлемді қалай өзгертті» және Арман Әлменбеттің «Тергеуші» шығармалары.

Таңдаған шығармасы негізінде олар ұзақтығы 1-3 минут болатын бейнерецензия дайындау қажет болды. Қатысушылар шығарманың негізгі ойын ашып, мәтіннен кемінде екі мысал келтіріп, тұжырымын ортаға салуға тиіс.

Байқауға қатысу үшін тіркеліп, Instagram желісінде кітаптың атауы мен #oqitynult хэштегі көрсетілген жазба жариялау, содан кейін дәл осы хэштегпен бейнеролик жүктеу қажет.

Жұмыс төрт өлшем бойынша бағаланады: шығарманың мазмұнын түсіну, ойды дәлелдеу сапасы, дербес пайым жасау, баяндаудың логикасы мен анықтығы. Ең жоғары баға – 100 ұпай.

Байқаудың жүлде қоры – 400 мың теңге. Өтінім қабылдау 19 қазанда аяқталды. 20-22 қазан аралығында қазылар алқасы ұсынылған жұмыстарды бағалайды. Ал 23 қазанда жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

Флешмоб пен әдеби чемпионат Алматыдағы Республика күнін мерекелеу бағдарламасына енді. Екі іс-шара да кітап оқу мәдениетін дамытуға, жастардың әдебиетке қызығушылығын арттыруға және алматылық жастарды білім беру мен қоғамдық жобаларға тартуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#флешмоб
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Республика күніне орай Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады

Бүгін 17:45

Олжас Бектенов Республика күні қарсаңында Президент атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті

Бүгін 16:15

Ұлттық баспа күніне орай «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты ІІ Халықаралық күзгі мектеп өтеді

Бүгін 16:00

Алматы қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары, учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама

Бүгін 15:54

Алматыда Абылай хан даңғылы мен Момышұлы көшесінің жекелеген бөліктерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 15:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);