AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Қазақстанда мелиорация туралы жеке заң қабылданбай...

Қазақстанда мелиорация туралы жеке заң қабылданбайды

Билік 05.05.2022, 05:19 1,250
Қазақстанда мелиорация туралы жеке заң қабылданбайды
Cурет: Duma.gov.ru

Қазақстан Республикасының «Мелиорация туралы» жеке заңын әзірлеу орынсыз.


Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



ҚР «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңына сәйкес, мелиорация функциялары суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг жүргізу және бағалау бөлігінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне бекітілген. Бұл ретте қуаң жерлердің, тұзды, батпақты, шамадан тыс ылғалданған жерлердің, олардың жағдайы судың әсеріне байланысты жай-күйін жақсарту мақсатында жүргізілетін жерді гидромелиорациялау бөлігінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне жүктелген», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.



Премьер-Министрдің атап өтуінше, бұдан басқа жеке немесе заңды тұлғалардың жерді пайдалануы мен қорғауын мемлекеттік бақылау, сондай-ақ жерді ұтымды пайдалану нормалары Қазақстан Республикасының жер заңнамасымен реттелген. Сондай-ақ жер заңнамасында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың дақылдарды кезектестірудің белгіленген схемаларын сақтау, қажетті мелиорациялық және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, оның ішінде учаскеде бар суару және коллекторлық-дренаждық жүйелерді тиісті тәртіппен ұстау жөніндегі міндеттері көзделген.



«Бұл ретте Әкімшілік құқықбұзу кодексінің 338-бабына сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдаланғаны немесе пайдаланбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өтеміз. Баяндалғанның негізінде мелиорация туралы жеке заң әзірлеуді орынсыз және қолданыстағы заңнамалық актілерді басшылыққа алу қажет деп пайымдаймыз», - деді Әлихан Смайылов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мелиорация #заң #жауап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ішімдікке тәуелді 3,5 мыңнан астам адам есепте тұр

Бүгін 12:05

Алматылықтар кәдеге жаратуға 600-ден астам сынапты шам тапсырды

Бүгін 11:53

Болашақ отбасыдан басталады: «Дана ғасыр» форумында жаңа ұрпақ тәрбиесінің формуласы талқыланды

Бүгін 10:33

Алматыда биыл 790 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

Бүгін 10:26

Түркияда бой тасалап жүрген интернет-алаяқ елге әкелінді

Бүгін 10:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);