AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда малды несиеге бере бастады

Қазақстанда малды несиеге бере бастады

Әлеумет 24.05.2025, 15:15 904
Қазақстанда малды несиеге бере бастады
Сурет: Astanatv.kz

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Мәжіліс депутаттарының сауалына орай тауар несиесі ретінде қанша үй жануары берілгенін айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

"Облыс әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес, бүгінгі күні жол картасы (Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда тауарлық кредиттерді беру тетігін іске асыру жөніндегі жол картасы) аясында өңірлерде 309 жылқы, 6 түйе, 3 261 ірі қара мал және 4,7 мыңнан астам ұсақ мал тауар несиесі ретінде үлестірілген. Жалпы тауар несиесін беру тетігі жол картасы ауқымында облыс әкімдіктерінің және аймақтық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының ұйымдастыруымен және олардың сүйемелдеуімен іске асырылып жатқандығын атап өткен жөн", – деді вице-премьер жауабында.

Оның атап өтуінше, тауар несиесі тәсілін іске асыруға бюджет қаражаты бөлінбей, жоғарыда аталған жол картасын іске асыру аясында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жүргізіледі.

"Осылайша, тауар несиесінің тәсілі арқылы көптеген ауыл тұрғыны үшін жаңа жұмыс орындарын құра отырып, ауылда өз кәсібін ашуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға, мал басы санын өсіруге мүмкіндік беріліп отыр", – деді Серік Жұмағарин. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауында "Ауыл аманаты" жобасы аясында тағы бір жаңа тәсілді, яғни "тауар несиесін" беру мәселесін қарастыру қажеттігін айтқан болатын. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #несие #мал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке Жеңіс күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 21:00

2030 жылға дейін тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасы қабылданды

Бүгін 16:23

Зарап Темірбеков мұрасы – ұрпақ жадында

Бүгін 16:07

Эпидемиялық маусымдағы сақтық шаралары

Бүгін 15:20

«Жыр аққуы – Марфуға»: ақын Марфуға Айтқожаның 90 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді

Бүгін 14:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);