AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда малдардың ауру деңгейі 51%-ға төмендед...

Қазақстанда малдардың ауру деңгейі 51%-ға төмендеді

Әлеумет 12.12.2025, 17:09 452
Қазақстанда малдардың ауру деңгейі 51%-ға төмендеді
Сурет: Gov.kz

Бұл туралы Сенатта өткен Үкімет сағатында ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлімдеді.

Оның айтуынша, бірқатар нақты шаралар оң нәтижеге қол жеткізуге ықпал еткен, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

 Атап айтқанда: ветеринарлық инфрақұрылымды жаңғырту, есеп жүргізу үдерістерін цифрландыру, отандық вакциналар өндірісін кеңейту және материалдық-техникалық базаны нығайту. Бұл бағыттардың барлығы АӨК дамуының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына енгізілген.

Нақты мәліметтер бойынша, елде 9,1 млн бас ірі қара, 23,7 млн бас ұсақ мал, 4,7 млн жылқы, 302 мың түйе өсіріледі.
Сонымен қатар, 569 мың шошқа бар.
Бақылау және алдын алу шараларының күшеюі ет өндірісін 914 мың тоннаға дейін арттыруға, ал сиыр және қой еті экспортын 60,8 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік берді.

Қазақстанда Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (OIE) анықтаған 90-нан астам қауіпті аурудың 23-іне қарсы вакцинация жүргізілуде. Жұмыс әдістерін жетілдіру мақсатында ДДСҰ, ФАО және OIE сарапшыларының қатысуымен жұмыс тобы құрылды.

2024 жылдан бастап салада импортты алмастыру саясаты белсенді жүзеге асырылуда.
Отандық вакциналардың үлесі 34%-дан 78%-ға өсті. Қазір сатып алынатын 22 вакцинаның 18-і Қазақстанда өндіріледі.

Материалдық-техникалық базаны нығайту аясында екі жылда 401 ветеринарлық мекеме салынды, 892 арнайы көлік сатып алынды. Сонымен қатар, 2026–2027 жылдары ветстанциялар, ветпункттер және мал өлекселерін көму орындарын салуға 66,2 млрд теңге қарастырылған.

Лабораториялық базаны күшейту мақсатында 9 сұйықтық хроматографы сатып алынды, алдағы уақытта тағы 54 қондырғымен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл ЕАЭО-ның азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі талаптарының 94%-ын орындауға мүмкіндік береді.

Шығыс Қазақстан облысында Қытай стандарттары бойынша 38 заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған лаборатория ашылды.

ИСЖ (малдарды есепке алу) жүйесі жаңғыртылды. Ол жануарларды және өнімді толық қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жалған тіркеуді болдырмау, вакцинацияланған жануарларды дәрі мерзімі біткенше соймау, мал базары модулі, экспорт кезінде карантинді цифрлық бақылау сияқты функциялар енгізілді.

ISZH-Mobile және TortTulik мобильді қосымшалары әзірленді. Жүйе Қаржы министрлігінің ҚКД, Халық банкі, ЕАЭО сервистері және басқа да платформалармен біріктірілген.

Қазақстан трансшекаралық бірнеше ауру бойынша қауіпсіз ел мәртебесін сақтап отыр. Олардың қатарында аусылдың кей өңірлері (оңтүстік-шығыс), жылқының африкалық обасы, сондай-ақ шошқаның классикалық және африкалық обасы, құс тұмауы бар. Солтүстік-батыс өңірде аусылға қарсы қауіпсіз ел мәртебесін алу үшін құжаттар топтамасы ұсынылды.

2025 жылға қарай 16 ветеринарлық сертификат келісілді, бұл өнімді 42 елге экспорттауға жол ашады. Олардың ішінде ЕО, Ұлыбритания, Қытай, Иран, Ирак, АҚШ және Канада бар.

3 728 қазақстандық кәсіпорын басқа елдердің тізіліміне енгізілді.

«Барлық шаралар эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, өнім сапасын арттыруға және Қазақстанның халықаралық нарықтағы ұстанымын нығайтуға бағытталған», — деді Аманғали Бердалин.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #мал #ауру деңгейі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы академиясы көп балалы ананы қуантты

Бүгін 12:36

Алматыда ашық ота жасамай, жүрекке жоғары технологиялық ем жүргізілді

Бүгін 12:24

Қазақстандықтар Наурызда қанша күн демалады?

Бүгін 12:14

Алматыда алғаш рет мектеп директорларын іріктеу ашық форматта өтті: қоғам өкілдері процесті тікелей эфирде бақылады

Бүгін 11:47

Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді

Бүгін 11:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика