Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда Мал өсірушілер одағы өз жұмысын бастад...

Қазақстанда Мал өсірушілер одағы өз жұмысын бастады

Әлеумет 14.01.2026, 14:53 252
Қазақстанда Мал өсірушілер одағы өз жұмысын бастады
Сурет: Gov.kz

Мал шаруашылығы саласының қатысушыларының мүдделерін үйлестіру және қорғау мақсатында жаңа салалық бірлестік құрылды, -  деп хабарлайды Aqshamnews.kz Ауыл шаруашылыы министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Мал өсірушілер одағының директоры Даурен Салықовтың айтуынша, Одақ құру туралы шешім кәсіби қауымдастықтың сала ішіндегі өзара іс-қимылды жүйелеу және мал шаруашылығын дамытудың негізгі мәселелері бойынша бірлескен ұстаным қалыптастыру қажеттілігіне жауап ретінде қабылданған. Бірлестік құрамына республикалық салалық палаталар, ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, бордақылау алаңдары, асыл тұқымды шаруашылықтар, ет өңдеу кәсіпорындары, сондай-ақ өндірістік тізбектің әртүрлі кезеңдерінде — өсіруден бастап өңдеу мен өткізуге дейін қызмет атқаратын фермерлік қожалықтар енді.

«Одақ қызметінің басым бағыттарының бірі – шағын және орта фермерлік шаруашылықтарды қолдау. Жаңа алаң фермерлерге мемлекеттік қолдау шараларына, қаржыландыруға, салалық сараптамаға және өткізу нарықтарына қолжетімділікті кеңейтуге, сондай-ақ нарықтың ірі қатысушыларымен өзара іс-қимылды және кооперацияны дамытуды жеңілдетуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Даурен Салықов.

Жалпы алғанда, Одақтың қызметі саланың практикалық міндеттерін шешуге бағытталған: мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру, шаруашылықтардың экономикалық тұрақтылығын нығайту, қайта өңдеу мен экспорттық бағыттарды дамыту.

Аталған бірлестіктің жұмысы мал шаруашылығының үйлесімді дамуына ықпал етіп, қазақстандық өндірушілердің ішкі және сыртқы нарықтардағы позициясын нығайтады деп күтілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мал өсірушілер #одақ #құру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі