AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстанда маймыл шешегін жұқтыру жағдайлары анық...

Қазақстанда маймыл шешегін жұқтыру жағдайлары анықталған жоқ – министрлік

Әлем 23.05.2022, 11:16 2,196
Қазақстанда маймыл шешегін жұқтыру жағдайлары анықталған жоқ – министрлік
Сурет: Stan.kz

Қазақстанда маймыл шешегін жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.


Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


ҚР Бас санитарлық дәрігері - Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың айтуынша, мемлекеттік шекара арқылы өткізу орындарында санитарлық-карантиндік бақылау жүргізіліп жатыр, оның ішінде қашықтан термометрия бар. Маймыл шешегі (monkeypoxes – MPXV) – сирек кездесетін жұқпалы ауру. Қызба, жалпы интоксикация және экзантеманың пайда болуымен сипатталады (қызару).


Инкубациялық кезең – 5-21 күн. Науқаста дене қызуының жоғарылауы, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бас айналуы байқалады. Аурудың ұзақтығы 2-3 апта. Маймыл шешегі ауруын жабайы жануарлар таратады: приматтар мен кеміргіштер (тиіндер). Сондай-ақ инфекция науқастың қаны немесе оның биологиялық сұйықтығы арқылы, ауру жануардың етін қолдану салдарынан жұғуы мүмкін.


2022 жылдың 20 мамырында Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігі Конгода жыл басынан бері маймыл шешегінің 1,2 мың жағдайы тіркелгенін хабарлады. ДДҰ-ның алдын ала мәліметі бойынша, Африка құрлығынан тыс әлемнің 14 елінде (Испания, Португалия, Ұлыбритания, Бельгия, Канада , Германия, Италия, Австралия, Нидерланды, АҚШ , Израиль, Франция, Швейцария , Швеция) 110 жағдай анықталды.


ҚР Бас санитарлық дәрігері жазғы каникул және демалыс маусымының басталуына орай шет елдерге шығатын қазақстандықтар үшін келесідей кеңесін берді: 1) маймыл шешегінің өршуі тіркелген Батыс Африка елдеріне (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д ' Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан) барудан аулақ болыңыз (әсіресе балалармен) барудан бас тарту; 2) шет елдерге шыққан жағдайда жабайы жануарларға (приматтарға, кеміргіштерге) таянбау, бей-берекет сауда орындарында және көшеде тамақтанбау. Тамаққа тек термиялық өңделген етті (азық-түлікті) пайдалану; 3) адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактика (қашықтық, маскалар, антисептиктер) шараларын пайдалану. Қол гигиенасын сақтау; 4) сапарлардан оралғаннан кейін 3 апта ішінде мазасыздық, қызба, бөртпе (қызару, көпіршіктер және тағы басқа) байқалса – шетелде болғаныңыз туралы міндетті түрде хабарлай отырып, жақын маңдағы медициналық мекемеге дереу жүгіну.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Маймыл шешек #жұқтыру дерегі #анықталмады
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Кеше 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Кеше 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Кеше 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Кеше 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Кеше 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика