конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда күнбағыс майы өндірісінің көлемі артты

Қазақстанда күнбағыс майы өндірісінің көлемі артты

Әлеумет 19.04.2022, 10:19 1,197
Қазақстанда күнбағыс майы өндірісінің көлемі артты
Сурет: Tea.ru

10,2 пайызға артты.


Қазақстанда күнбағыс майын өндіру мен оның экспорт көлемі артты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, министрлік тарапынан ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ету, бағаны тұрақтандыру және қайта өңдеу кәсіпорындарын жүктеу мақсатында 2021 жылдың қыркүйегінде күнбағыс тұқымдары мен күнбағыс майының экспортына шектеулер енгізілді.


Шектеу шараларын енгізу нәтижесінде күнбағыс майының бөлшек сауда бағасы тұрақтанды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша, тазартылған күнбағыс майын өндіру көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 10,2 % артты.


2022 жылдың өткен кезеңінде күнбағыс майының экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8 есе артты (140,7 мың тонна және 28,9 мың тонна сәйкесінше).


Жыл сайын күнбағыс майы экспортының жалпы көлемінің шамамен 60 % Өзбекстанға жеткізіледі, бұл ретте күнбағыс майын өткізу нарықтарының кеңеюі байқалады. Дәстүрлі Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қытай елдерінен басқа, күнбағыс майын Чехия, Литва, Түркия елдеріне жеткізу жүзеге асырылды.



«Шикізат базасын дамытуды ынталандыру үшін майлы дақылдарды өндірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде (май тұқымдарын өңдеуге тапсыру, тұқым, тыңайтқыш, пестицидтер сатып алуға субсидия беру және т. б.). Соның арқасында өткен жылы күнбағыс егу алаңы 200 мың гектарға ұлғайды. Биылғы жылы күнбағыс себуді 20,7 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр», - деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#май #Қазақстан #өндіріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңартылған конституция қазіргі заманның үдесінен шығады

Бүгін 10:09

Алматыға әлемдік брендтер келіп жатыр: Қазақстандағы алғашқы ресми LEGO Store дүкені ашылады

Бүгін 10:03

Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жаңғыртудың жаңа кезеңіне қадам басты — Олжас Бектенов

Бүгін 09:18

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:14

Тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды – Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Бүгін 08:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);