AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда корпоративтік табыс салығына сараланға...

Қазақстанда корпоративтік табыс салығына сараланған мөлшерлеме енгізілді

Әлеумет 27.08.2025, 11:28 805
Қазақстанда корпоративтік табыс салығына сараланған мөлшерлеме енгізілді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Корпоративтік табыс салығы (КТС) – Қазақстан бюджетінің негізгі кіріс көзінің бірі болып қала береді. Жаңа Салық кодексі аясында бұл салықты есептеу мен төлеу тәртібіне маңызды өзгерістер енбек. Атап айтқанда, экономиканың жекелеген салаларының ерекшелігін ескере отырып, сараланған мөлшерлемелер қарастырылған. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте Алматыдағы Мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық бақылау басқармасы камералдық мониторинг бөлімінің басшысы Данияр Талғат осылай деп мәлімдеді.   

Корпоративтік табыс салығының базалық мөлшерлемесі салық салынатын табыстың 20%-ы деңгейінде қалды. Алайда кейбір қызмет түріне басқа мөлшерлеме белгіленген. Мысалы, банк қызметі (бизнеске несие беруді қоспағанда) мен құмар ойыны бизнесінің мөлшерлемесі 25% деңгейінде болмақ. Әлеуметтік сала, соның ішінде білім беру мен медицина саласы үшін 2026 жылы – 5%,  2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10% төмендетілген мөлшерлеме қарастырылған.

Аграрлық секторға ерекше назар аударылған. Ауыл шаруашылығын қолдау мен дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін КТС мөлшерлемесі 3% деңгейіне дейін төмендетіліп, ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін бұл көрсеткіш 6% болып белгіленді. Бұл қадам елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын осы саланың өсіп-өнуін ынталандыруға бағытталып отыр.

Сонымен қатар, корпоративтік табыс салығы бөлімінің құрылымы өзгертілді, бұл әрбір нақты қызмет түрі мен шегерімдер бойынша тиісті нормаларды қолдануға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары, сондай-ақ тұрақты мекеме арқылы немесе ел ішіндегі көздерден табыс алатын бейрезиденттер салық төлейтіндер қатарында қалады. Бұрынғыша мемлекеттік мекемелер КТС төлеушілер қатарына кірмейді, мемлекеттік орта білім беру ұйымдары бұл санаттан алынып тасталды.

«Жаңа салық салу жүйесі жекелеген салалардың ерекшелігін ескереді. Әлеуметтік маңызы бар және ауыл шаруашылығы өндірісі салалары үшін төмендетілген мөлшерлемелер, ал жоғары табысты қызмет түрлері үшін жоғары мөлшерлемелер енгізіліп отыр», – деп атап өтті Данияр Талғат.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#салық #табыс салығы #КТС
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);