Қазақстанда коронавирустан болатын өлім-жітім азайды

Қазақстанда коронавирустан болатын өлім-жітім азайды Сурет: Primeminister.kz

Науқастану 3,2 есеге азайған


Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде коронавирустан болатын өлім деңгейінің төмендегенін айтты. Өлім-жітім 2,7 есеге азайған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қазақстанда тамыз айының екінші жартысынан бастап эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануы байқалады, науқастану 3,2 есеге, ал өлім-жітім 2,7 есеге төмендеді. Бүгінде 4 өңір «жасыл» аймақта тұр. Олар: Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары», - деді министр.



Оның сөзінше, еліміздің 8 өңірі, атап айтқанда, Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солүстік Қазақстан облыстары «сары» аймаққа кірді.



«Қызыл» аймақта 5 өңір қалып отыр. Репродуктивтілік саны 0,88-ді құрайды», - деді Алексей Цой.








Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:14

10:10

10:00

09:50

09:40

09:19

09:02

08:49

08:23

08:12

19:29

19:26

18:14

17:40

17:25

17:11

16:45

16:35

16:20

16:08

16:07

15:44

15:31

15:19

15:02