Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда көпірлердің өтпелі аймағын жобалау мен...

Қазақстанда көпірлердің өтпелі аймағын жобалау мен жөндеуге арналған бірыңғай норматив бекітілді

Әлеумет 24.01.2026, 11:11 244
Қазақстанда көпірлердің өтпелі аймағын жобалау мен жөндеуге арналған бірыңғай норматив бекітілді
Сурет: Gov.kz

Қазақстанда ВН «Көпір құрылыстары. Көпірдің үйіндімен түйісу аймағы» атты ведомстволық нормативтік құжат қолданысқа енгізілді. Бұл құжат жол жамылғысының шөгуі мен деформациялануы көптеп кездесетін көпір және кіреберіс үйінділері арасындағы өтпелі аймақты жобалау, салу, жөндеу және пайдалану кезінде қолданылатын бірыңғай талаптарды белгілейді.

Құжат Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты (ҚазжолҒЗИ) тарапынан әзірленіп, жалпы қолданысқа ие автомобиль жолдарындағы көпір құрылыстары бойынша жұмыстардың толық циклін қамтып, инженерлік-геологиялық ізденістерден бастап, конструктивтік шешімдерді таңдау, жөндеу және кейінгі пайдалану кезеңдеріне дейінгі процестерді реттейді.

Нормативте өтпелі плиталар мен төсемдер, олардың тіреу тораптарына, майда тас негіздеріне, дренаждық үйінділер, сондай-ақ үйінді конустары мен жиегін нығайтуға қойылатын талаптар айқындалған. Бұл талаптар көпірлерді жаңадан салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары кезінде қолданылады.

ВН талаптары Қазақстанның барлық климаттық аймақтарында пайдаланылатын көпірлерді, оның ішінде сейсмикалық қауіптілігі 9 баллға дейінгі аудандар мен күрделі инженерлік-геологиялық жағдайлары бар учаскелерде, әлсіз, суланған және шөкпелі топырақтар орналасқан аумақтарды қамтыйды.

Құжатта диагностикалық жұмыстарға ерекше назар аударылған. Көпірдің үйіндімен түйісу тораптарының техникалық жай-күйін тексеру және бағалау әдістемесі енгізіліп, бұл ақауларды ерте кезеңде анықтауға және негізделген жобалық әрі жөндеу шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өтпелі аймақтың тұрақтылығына тікелей әсер ететін инженерлік-геологиялық және гидрологиялық ізденіс материалдарына қойылатын талаптар белгіленген.

Норматив үйіндінің негізі мен денесінің көтергіш қабілетін арттыру тәсілдерін, соның ішінде геосинтетикалық материалдар мен заманауи топырақты нығайтатын технологияларды қолдану мүмкіндіктерін қарастырады. Сондай-ақ, шайылу, эрозия және сырғу үдерістерінен қорғау шаралары да реттелген.

Норматив талаптарының практикалық жүзеге асырылуы заманауи цифрлық құралдарды енгізумен қатар жүргізілуде. Көпірлерді тексеру барысында пилотсыз ұшу аппараттары мен үш өлшемді модельдеу технологиялары қолданылып, түйісу тораптарының цифрлық модельдері қалыптастырылады. Бұл олардың техникалық жай-күйін неғұрлым дәл бағалауға мүмкіндік береді.

Жұмыстар Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетімен үйлестіру арқылы іске асырылуда және көпір құрылыстарының сенімділігін арттыруға, пайдалану шығындарын азайтуға әрі автомобиль жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған.

Құжатпен Нормативтік-техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының ресми сайтында мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://new-shop.ksm.kz/egfntd/ntdgo/kad/.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көпірлер #Қазақстан #өтпелі аймақ #бірыңғай норматив
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ӨКҚ анимациялық жобасы Көрісу күні туралы баяндады

Кеше 22:27

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Кеше 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Кеше 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Кеше 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика