AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда кім көп жалақы алады?

Қазақстанда кім көп жалақы алады?

Әлеумет 17.12.2025, 14:13 511
Қазақстанда кім көп жалақы алады?
Сурет: Kazgazeta.kz

2025 жылдың III тоқсанында Қазақстан Республикасында айлық жалақының орташа мәні 429 368 теңге болды. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,0%-ға жоғары. Аqshamnews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйене отырып, жалақының биыл қалай өзгергенін, қай салада өсім барын, қай өңір алда екенін зерттеп көрді.

Ал жалақының медианалық мәні 302 584 теңге болып бағаланды.

Медианалық жалақы – қазақстандықтардың орташа жалақы түрлерінің бірі. Медианалық жалақы төлемі цифрі елдегі жұмыскерлердің 50%-ы азырақ, ал 50%-ы – одан көбірек алатынын білдіреді. Осыдан, неліктен көптеген маман медианалық жалақыны нақты орташа жалақы деп есептейтіні түсінікті – ол біздің еліміздің орташа статистикалық азаматына тиесілі және орташа арифметикалық жалақыға қарағанда экономикалық реалийді жақсырақ көрсетеді.

Мысал:

Компанияның штат құрамы – бес адам. Басшы айына 600 мың теңге алады, басқа қызметкерлердің айлығы: 450 мың, 200 мың, 170 мың, 150 мың теңге. Бұл жерде жалақының медианалық мәні – 200 мың теңге, себебі екі қызметкер көбірек (600 және 450 мың теңге), ал екеуі азырақ (170 және 150 мың теңге) алады.

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 000 теңге деңгейінде белгіленген.

Жалақы динамикасы

Тоқсандар бойынша жалақы өзгерісін назар аударсақ, 2025 жылдың III тоқсанында орташа атаулы жалақы өткен тоқсанмен салыстырғанда 95,7% болса , былтырдың сәйкес кезеңіне шаққанда 110,0% деңгейінде қалыптасты.

Нақты жалақы индексі (инфляцияны ескере отырып) 2024 жылдың III тоқсанына қарағанда 98% болды, бұл нақты табыстың біршама төмендегенін көрсетеді.

Өңірлер бойынша жалақы өсімі

2024 жылдың III тоқсанымен салыстырғанда, 2025 жылдың III тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең жоғары өсімі мына өңірлерде тіркелді:

  • Жетісу облысы - 18,1%
  • Алматы қаласы - 15,9%
  • Астана қаласы - 13,0%
  • Павлодар облысы - 12,4%
  • Ақмола облысы - 11,7%

Бұл өңірлер экономикалық белсенділік пен еңбек нарығындағы сұраныстың жоғары екенін көрсетіп отыр.

Салалар бойынша жалақы деңгейі

2025 жылдың III тоқсанында ең жоғары орташа айлық жалақы келесі салаларда тіркелді:

  • Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу - 922 274 теңге
  • Қаржы және сақтандыру қызметі - 883 611 теңге
  • Ақпарат және байланыс - 818 114 теңге
  • Көлік және жинақтау - 625 844 теңге
  • Өнеркәсіп - 622 371 теңге

Аталған салалардағы жалақы республикалық орташа деңгейден 1,5-2,1 есе жоғары.

Ал орташа жалақы деңгейі төмен салалар қатарына:

  • Білім беру - 290 891 теңге
  • Өнер, ойын-сауық және демалыс - 305 088 теңге
  • Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету - 328 504 теңге
  • Ауыл, орман және балық шаруашылығы - 335 982 теңге жатады.

Жалақы өсімі жоғары және төмен салалар

2024 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда жалақының ең жоғары өсімі:

  • Ақпарат және байланыс - 21,5%
  • Ауыл, орман және балық шаруашылығы - 18,4%
  • Көлік және жинақтау - 17,6%

Ал жалақы өсімі ең төмен салалар:

  • Құрылыс - 2,5%
  • Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер - 5,0%
  • Тұру және тамақтану қызметтері - 6,2%

Бос жұмыс орындары көбейген

2025 жылдың III тоқсанының соңында кәсіпорындар мен ұйымдардағы бос жұмыс орындарының саны - 63 871 бірлік. Бұл өткен тоқсанмен салыстырғанда 1 572 орынға артық.

Салалық құрылымда бос орындардың үлесі:

  • Өнеркәсіпте - 28,9%
  • Мемлекеттік басқару және қорғаныс саласында - 15,5%
  • Көтерме және бөлшек саудада - 10,6%

Өңірлер бойынша бос жұмыс орындарының саны ең көп тіркелген аймақтар:

  • Алматы қаласы - 15 471 орын
  • Астана қаласы - 7 550 орын
  • Павлодар облысы - 6 800 орын

2025 жылдың III тоқсанындағы деректер Қазақстанда атаулы жалақының өсуі сақталғанын көрсеткенімен, нақты жалақы индексінің төмендеуі инфляциялық қысымның бар екенін аңғартады. Сонымен қатар, өңірлер мен салалар арасындағы жалақы айырмашылығы әлі де айқын байқалады.

Сарапшылардың пікірінше, еңбек нарығындағы теңгерімді қамтамасыз ету, әлеуметтік салалардағы жалақыны арттыру және кадр тапшылығы байқалатын өңірлерде жұмыс орындарын көбейту алдағы кезеңнің басты міндеттерінің бірі болып қала береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жалақы #Қазақстан #2025 жылы #орташа мән
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады

Бүгін 15:35

Депутаттар волонтерлік қызметті еңбек өтіліне енгізуді ұсынды

Бүгін 15:29

Мәжілісте депутат онлайн сауданың экологияға әсерін көтерді

Бүгін 15:22

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Мемлекетінің Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін 14:29

Енді мемлекеттік қызметкерлер 4-ақ күн жұмыс істеуі мүмкін

Бүгін 14:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика