AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда кейбір кітаптарды сақтағандар жауапқа...

Қазақстанда кейбір кітаптарды сақтағандар жауапқа тартылмақ

Әлеумет 01.04.2026, 12:02 239 Сұлу
Қазақстанда кейбір кітаптарды сақтағандар жауапқа тартылмақ
depositphotos.com

Мәжілісте қаралып жатқан арнайы мемлекеттік органдар қызметіне қатысты заң жобасында экстремистік және террористік материалдарды сақтауға тыйым салу нормасы енгізілмек, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Депутат Болат Керімбек қолданыстағы заңнамада мұндай материалдарды әкелуге, шығаруға, дайындауға және таратуға тыйым бар екенін атап өтіп, енді оларды сақтауға да шектеу енгізу ұсынылып отырғанын айтты.

Талқылау барысында Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода бұл нормаға қатысты сұрақ қойды. Оның айтуынша, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте (ӘҚБтК) мұндай материалдарды сақтағаны үшін жауапкершілік бұрыннан қарастырылған. Осыған байланысты ол арнайы заңдарға бұл норманы енгізудің қажетін нақтылады.

ҰҚК төрағасының орынбасары Алмас Наймантаев бұл түзетудің нақтылаушы сипатта екенін түсіндірді.

"Бұл түзету экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл туралы салалық заңдарды ӘҚБтК нормаларымен сәйкестендіруге бағытталған. ӘҚБтК-де мұндай материалдарды сақтағаны үшін жауапкершілік бұрыннан бар. Алайда салалық заңдарда тек әкелу, дайындау және таратуға ғана тыйым көрсетілген. Сондықтан енгізілетін өзгерістер жауапкершілікті күшейтпейді, тек нақтылау сипатында болады", – деді Алмас Наймантаев.

ӘҚБтК-нің 453-бабына сәйкес, тыйым салынған материалдарды сақтағаны үшін:
• жеке тұлғаларға – 20-дан 200 АЕК-ке дейін (2026 жылы 86 500 – 865 000 теңге);
• лауазымды тұлғаларға – 25-тен 300 АЕК-ке дейін (108 125 – 1,2 млн теңге);
• бизнес субъектілеріне – 50-ден 2000 АЕК-ке дейін (216 250 – 8,6 млн теңге) айыппұл қарастырылған.

Жаза мөлшері құқықбұзушылықтың ауырлығына байланысты анықталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап #діни ағым #жауапқа тартылу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);