Қазақстанда жыл басынан бері жалпы ішкі өнім 4,4%-ке өсті

Қазақстанда жыл басынан бері жалпы ішкі өнім 4,4%-ке өсті Сурет: Inform.kz

Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.


Төрт ай ішінде Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,4%-ке өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Осы жылғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4% құрады. Негізгі трендтер бойынша есепті кезеңде нақты сектор өсімінің жеделдеуі, экспорт көлемінің үдемелі ұлғаюы, қызмет көрсету секторында тұрақты динамика байқалуда», - деді Қуантыров үкімет отырысында.



Айтуынша, нақты сектордағы өсім 5,1%-ке жеткен. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,4%-ке дейін ұлғайды.


Сауда, құрылыс, көлік және қойма, ақпарат және байланыс, өңдеу өнеркәсібі, сумен жабдықтау, тау-кен өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы салалары да оң өсім көрсетті.


Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,3%-ке өсті.


Сонымен қатар биыл қаңтар-наурызда сыртқы сауда тауар айналымы 45,3%-ке өсіп, 28,7 миллиард долларды құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 65,8%-ке өсіп, 19,1 миллиард долларға дейін жетті. Тауарлар импорты 9,5 миллиард долларды құрады.



«Жалпы, оң сауда балансы жақсарып, 9,6 миллиард долларға дейін өсті», - деді министр.



Өңдеу өнеркәсібінде де серпінді өсу үрдісі байқалуда. Жыл басынан бері өндіріс көлемі 5,8%-ке өскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:37

17:28

15:10

12:42

08:41

21:47

21:18

20:26

20:21

20:18

17:32

17:16

17:08

16:52

16:31

16:26

16:15

15:35

15:17

15:08

14:23

14:01

13:01

12:48

12:20