Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан мі...

Қазақстанда жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесі жетілдіріледі

Әлеумет 01.12.2023, 04:28 880
Қазақстанда жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесі жетілдіріледі
Сурет: Gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек міндеттерін орындау кезінде жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіруді көздейтін заңнамаға түзетулер топтамасын әзірледі. Тиісті заң жобасын Мәжіліс қабылдады және ҚР Парламенті Сенатының қарауына жолданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Заңнамаға енгізілген түзетулерде төмендігілер көзделген. 



  1. Өмірді сақтандыру компанияларының жұмыс берушінің алдын алу шараларына жұмсаған шығындарын төленген сақтандыру сыйақысының 6 %-ына дейін өтеуі. Алдын алу шараларына мыналар жатады: басшылар мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды оқыту; кәсіптік тәуекелдерді бағалау; нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеу; мерзімді медициналық тексерулер жүргізу; өндірістік жарақаттану қаупінің дәрежесіне әсер ететін негізгі құралдарды жаңғырту; ұжымдық қорғау құралдарын, сондай-ақ қауіпсіздік жүйелерін орнату.

  2. Өмірді сақтандыру компанияларының төленген сақтандыру сыйақысының 6 % шегінде оңалту шараларына арналған шығыстарды өтеуі. Оңалту шаралары: әлеуметтік-психологиялық оңалтуды; кәсіптік және еңбекті оңалтуды; зардап шеккен қызметкердің денсаулығына зиян келтіруден туындаған жұмыс берушінің қосымша шығындарын; қалпына келтіруді және реконструктивтік терапияны көздейді.

  3. Зардап шеккен қызметкердің санаторий-курорттық емделуінің өмірін сақтандыру компанияларының 100 айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) дейінгі мөлшерде төлеуі. Қызметтердің құны 100 АЕК-тен асқан жағдайда алушының есебінен әлеуметтік төлем жасау мүмкіндігі болады.

  4. Зардап шеккен қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды күшейту.


Қазіргі уақытта регрессиялық төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде жұмыскердің кінәсі де анықталады. Егер жұмыскердің кінәсі, мысалы 50 % мөлшерінде анықталса, онда оған тиісінше төлемнің тек 50 % ғана беріледі. Жаңа түзетулер оған өзгеріс енгізеді. Тиісінше, жұмыскерге еңбек жарақатын алған кезде өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеу толық көлемде жүзеге асырылады.


Бұдан басқа, заңнамаға енгізілген түзетулерде кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі 2015 жылғы 10 мамырға дейін алғаш рет 30-дан 100 %-ға дейінгі мөлшерде белгіленген және 2015 жылғы 10 мамырдан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде куәландыру мерзімінсіз ұзартылған немесе қайта куәландырылған адамдарға сақтандыру ұйымдарының қаражаты есебінен сақтандыру төлемдерін өмір бойы жүзеге асыру көзделген. Мұндай алушылардың саны шамамен 1,4 мың адамды құрайды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жұмыскерлер #жазатайым оқиға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика