AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағ...

Қазақстанда жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған ауқымды ақпараттық кампания басталды

Әлеумет 02.04.2025, 15:27 598 dulatbekova
Қазақстанда  жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған ауқымды ақпараттық кампания басталды
Сурет: Gov.kz

Бұл науқан балалардың қатысуымен болатын оқыс оқиғалардың алдын алуға бағытталған. 

2025 жылдың 20 наурызы мен 23 мамыры аралығында еліміздің барлық балабақшаларында, мектептерінде және колледждерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған республикалық ақпараттық кампания өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қауіпсіздік шараларын күшейту және балалардың жарақаттануының алдын алу мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті барлық білім беру ұйымдарында ата-аналар жиналысының бірыңғай күнін өткізу туралы жергілікті атқарушы органдарға тиісті хаттар жолдады. Ата-аналармен кездесудің негізгі тақырыбы су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері мен балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу мәселелері болмақ.

Жиналыс барысында ата-аналарға арнайы жадынамалар мен әдістемелік ұсынымдар беріледі. Сонымен қатар, балалардың жарақат алуына әкелетін негізгі себептер – ересектер тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі, рұқсат етілмеген орындарда шомылу және қауіпсіздік шараларының сақталмауы жан-жақты талқыланады. Осыған байланысты балалардың үйде, мектепте және көшеде қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шаралары ұсынылады.

Профилактикалық жұмыстар еңбек ұжымдары деңгейінде де ұйымдастырылып, оған педагогтер, білім беру ұйымдарының өкілдері, жергілікті атқарушы органдар мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы сарапшылар қатысады.

«Көктемгі жылы күндермен бірге балалардың белсенділігі де артады. Өкінішке қарай, осы кезеңде түрлі жазатайым оқиғалар жиілеп кетеді. Балалардың қауіпсіздігі – біздің ортақ міндетіміз. Барлық ата-аналарды сақтық шараларын күшейтуге, балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге және оларды қараусыз қалдырмауға шақырамын», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Кампания аясында «Қауіпсіз терезе» акциясы да өткізіледі. Оның басты мақсаты – ата-аналар мен қоғамның назарын үйдегі қауіпсіздік мәселелеріне аударып, алдын алу шаралары туралы ақпарат беру.

Айта кетейік, 2024 жылдан бастап заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, барлық құрылыс компаниялары жаңа көпқабатты тұрғын үйлерде терезелерге қорғаныш құлыптарын орнатуға міндеттелді. Бұл талап өткен жылдан бастап пайдалануға берілген барлық тұрғын үйлерге қолданылады және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді мемлекеттік шаралардың бірі болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жазатайым оқиға #балалар #алдын алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);