AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда ішкі туризм қалпына келтірілді

Қазақстанда ішкі туризм қалпына келтірілді

Әлеумет 23.05.2022, 06:46 1,234
Қазақстанда ішкі туризм қалпына келтірілді
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросы 21 000 үй шаруашылығына сапар шығындары бойынша жалпыұлттық статистикалық зерттеу жүргізді


Зерттеуге сәйкес, 9 миллион қазақстандық саяхат жасаған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 12,6%, ал коронавирусқа дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда 4,8% артық. Шетелге шыққандар саны 878,8 мың адам, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 8,3%-ға көп, бірақ 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,4 есе аз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Қазақстандықтар ел ішінде де, шетелге де көбіне жеке мақсатта жол жүреді. Мәселен, Қазақстанда 8,5 миллион адам жеке мақсаттарымен сапарға шықса, оның 4,4 миллионы достары мен туыстарына, 2,3 миллионы демалысқа, 753,4 мың адам дүкен аралауға, т.б. барған. Шетелге барғандар арасында 741,4 мың адам жеке мақсатта сапарға шықса, оның 390,9 мыңы демалуға, 265,5 мыңы достары мен туыстарына барған, 38,4 мың адам емдеу-сауықтыру шаралары үшін жол жүрді.


527,8 мың қазақстандық азамат – ел ішінде, 137,5 мың азамат шетелге іскерлік және кәсіптік мақсатта барған. 2021 жылы Қазақстанда үй шаруашылықтарының саяхатқа жұмсаған шығыны 524,9 млрд теңгені құрады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 31,9%-ға көп, бірақ 2019 жылғы коронавирусқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда 13,1%-ға аз. Үй шаруашылығының сыртқы туризм сегментіндегі шығыны 157,6 млрд теңгені құрап, бір жарым есеге жуық өскен. Алайда 2019 жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш екі есеге жуық аз.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#туризм #зерттеу #саяхат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы қолжетімді орта: тексерулер қорытындысы бойынша 2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Бүгін 18:54

ҚазҰУ мен Журналистика академиясының бірлескен отырысы өтті

Бүгін 17:53

Алматылық дәрігерлер 9 жастағы баланы ажалдан арашалап, бүйрегін сақтап қалды

Бүгін 17:29

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ми институты ашылды

Бүгін 16:09

Farabi Hub инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығы

Бүгін 16:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);