AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда интернет жылдамдығы бір жылда 25 пайыз...

Қазақстанда интернет жылдамдығы бір жылда 25 пайызға артқан

Әлеумет 20.06.2022, 05:54 1,003
Қазақстанда интернет жылдамдығы бір жылда 25 пайызға артқан
Сурет: Atpress.kz

Мобильді интернет құны әлемдегі ең төмен көрсеткішке ие. 


Қазақстан интернет пен цифрландырудың жоғары қарқынымен ерекшеленетін 10 елдің қатарына енді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еgemen.kz сілтеме жасап. 


Өткен жылы 6 және одан жоғары жастағы қазақстандықтардың цифрлық сауаттылық деңгейі жалпы халықтың 85,3%-ын құраған. Бұл еліміздегі әрбір бес тұтынушының төртеуі дербес компьютер, смартфон, планшет, ноутбукты пайдалануға дағдыланғанын, сондай-ақ стандартты бағдарламаларды пайдаланып, Интернет арқылы қызмет ала алатынын көрсетеді. Бұл ретте үй шаруашылықтарын ұялы телефондармен қамтамасыз ету қазірдің өзінде 99,4%-ды құрап отыр.


Елімізде мобильді интернет құны әлемдегі ең төмен көрсеткішке ие. Осылайша, 2022 жылға арналған интернетке қолжетімділік индексінің соңғы рейтингіне сәйкес, Қазақстан интернеттің ең төмен тарифтері бойынша 8-орынға ие болды.


Қазақстандықтар 1 ГБ мобильді интернет үшін небәрі $0,8 төлейді. 


Салыстырмалы түрде, көршілес Өзбекстанда айына 1 ГБ үшін 1,3 АҚШ доллары, Тәжікстанда – 3,5 АҚШ доллар төленсе, интернет тарифі 17,5 долларға жеткен Түрікменстан Африка елдері және арал мемлекеттерімен бірге аутсайдерлер қатарына кірді.


Қазақстаннан басқа үздік ондыққа Ресей, Қырғызстан және Беларусь мемлекеттері де кірді. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы мобильді интернетпен қамтудың жоғары деңгейі – 96% құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#интернет #баға #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаздың алғашқы күні ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:31

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Кеше 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Кеше 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Кеше 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Кеше 10:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);