AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанда инфрақұрылым жобаларына Ұлттық қордан...

Қазақстанда инфрақұрылым жобаларына Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бағытталады

Экономика Бүгін 12:18 47
Қазақстанда инфрақұрылым жобаларына Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бағытталады
Жасанды интеллект

122 жобаны жүзеге асыруға қазірдің өзінде нақты 497 млрд теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2029 жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыруға Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бағытталады. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев айтты.

Үкімет үйінде Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында берілген міндеттер аясында экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері туралы баспасөз конференциясы өтуде. Онда бірінші вице-премьер бастаған салалық министрлер БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беруде.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан дамудың жаңа тарихи кезеңіне қадам басып отыр. Өздеріңізге мәлім, еліміз ауқымды саяси реформаларды табысты жүзеге асырды. Оның аясында халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған аса маңызды бастамалар қолға алынды. Мемлекет басшымыз халыққа Жолдауында экономикамыздың орнықты дамуы мен елдің тұрмыс сапасын одан әрі жақсартуға тікелей ықпал ететін маңызды мақсат-міндеттерді айқындап берді.
Осы орайда Президентіміз 2027 жылды Жалпыұлттық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2029 жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыруға Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бағытталады. Бұл жұмыстар басталып та кетті. Құрылған Инфрақұрылымды дамыту қоры аясында жалпы сомасы 1,5 трлн теңгені құрайтын 262 жоба мақұлданды. Бірінші кезекте қомақты қаражат әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталуда», – деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Атап айтқанда:
Денсаулық сақтау саласында – жалпы құны 344 млрд теңгені құрайтын 41 жоба жүзеге асырылады. Бұл қаражатқа жаңа ауруханалар, емханалар, перинаталдық орталықтар мен перзентханалар салынады.

Мәдениет, туризм және спорт салаларына 266 млрд теңге бағытталып, 23 нысан салынады. Олардың қатарында спорт кешендері, мәдениет сарайлары, театрлар және басқа да әлеуметтік маңызды нысандар бой көтереді.

Білім беру саласында мектептер мен көпфункционалды кешендердің құрылысын қоса алғанда 101 млрд теңгеге 28 жоба жүзеге асырылады.

Көлік инфрақұрылымын дамытуға 369 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа бірқатар күре жолдар қайта жаңғыртудан өтеді, жаңа автомобиль жолдары, көпірлер салынып, 48 жоба жүзеге асырылады.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 284 млрд теңге бағытталып, 55 нысан қамтылады. Олардың қатарында магистральдық су құбырлары, тазарту құрылыстары, қорғаныс бөгеттері мен су бөгеттері бар.

Жылумен және газбен жабдықтау жүйелерін дамыту бойынша 67 жобаны жүзеге асыруға 136 млрд теңге қаралған.

«Бұл қағаз бетіндегі ғана жоспар емес. Осы 122 жобаны жүзеге асыруға қазірдің өзінде нақты 497 млрд теңге қаржы бөлінді. Инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталатын 6,5 трлн теңгенің барлығы Үкіметтің қатаң бақылауында болатынын ерекше атап өткім келеді», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Арал – Каспий магистралі жүктерді жеткізу мерзімін үш күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді

Бүгін 13:23

Биыл 11 мың шақырымнан астам жол жөндеуден өтуде  

Бүгін 13:06

Шекарашылар Қызыл кітапқа енген сұңқарларды заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті

Бүгін 13:04

Орталық мемлекеттік музей инклюзивті ортаны дамыта бастады

Бүгін 13:01

Еліміздегі автомобиль өткізу бекеттеріндегі жаңғырту жұмыстары келесі жылы аяқталады

Бүгін 12:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);