AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Еліміздегі автомобиль өткізу бекеттеріндегі жаңғыр...

Еліміздегі автомобиль өткізу бекеттеріндегі жаңғырту жұмыстары келесі жылы аяқталады

Экономика Бүгін 12:46 31
Еліміздегі автомобиль өткізу бекеттеріндегі жаңғырту жұмыстары келесі жылы аяқталады
Primeminister.kz

Бүгінде жол бойында 1 465 нысан жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта елімізде 37 автомобиль өткізу пунктінде жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Олар келесі жылдың соңында аяқталады. Бұл туралы Үкімет үйінде Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында берілген міндеттер аясында экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері туралы өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев айтты.

Көлік саласында 712 млн тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9%-ға артық.

Шамамен 1,5 млрд жолаушы тасымалданып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға өсті.

Теміржол көлігімен транзиттік жүк тасымалдау көлемі 33,8 млн тоннаға жетіп, 15%-ға ұлғайды.

«Барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң серпін байқалады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында елімізді Еуразияның көлік-логистика хабына айналдыру жөнінде нақты мақсат қойды. Біз көлік инфрақұрылымын дамытуға басымдық береміз. Қазіргі уақытта 37 автомобиль өткізу пунктін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Оларды келесі жылдың соңына дейін аяқтаймыз. Жүк тасымалдаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында шекарадан бастап халықаралық автодәліздердің бүкіл бағыттары бойынша – жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізілуде», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Оның айтуынша, бүгінде жол бойында 1 465 нысан жұмыс істеп тұр. Соңғы 3 жылда 221 нысан бой көтерді. Аталған жобаларға ірі компаниялар инвестиция салған. Бұл нысандар – сапа мен жайлылықтың жоғары стандарттарына сай келетін жанармай құю стансалары, қонақүйлер, дүкендер және техникалық қызмет көрсету стансалары орналасқан жол бойындағы тұтас сервистік кешендер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президенттің жолдауы ауыл шаруашылығында жасанды интеллектіні кеңірек қолдануға жол ашады

Бүгін 13:42

Арал – Каспий магистралі жүктерді жеткізу мерзімін үш күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді

Бүгін 13:23

Биыл 11 мың шақырымнан астам жол жөндеуден өтуде  

Бүгін 13:06

Шекарашылар Қызыл кітапқа енген сұңқарларды заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті

Бүгін 13:04

Орталық мемлекеттік музей инклюзивті ортаны дамыта бастады

Бүгін 13:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);