AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау / Биыл 11 мың шақырымнан астам жол жөндеуден өтуде  

Биыл 11 мың шақырымнан астам жол жөндеуден өтуде  

Жолдау 04.11.2026, 13:06 174
Биыл 11 мың шақырымнан астам жол жөндеуден өтуде  
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Жыл соңына дейін еліміздегі жақсы жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 95%-ға жетеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылы Қазақстанда 11 мың шақырымға жуық автомобиль жолы құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Жұмыстар Президенттің көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүргізілуде. Бұл туралы Үкіметте Президент Жолдауында берілген тапсырмалар аясында экономиканың нақты секторын дамыту мәселелеріне арналған баспасөз конференциясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.

Нұрлыбек Нәлібаев жылдың соңына дейін еліміздегі жақсы жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 95%-ға, ал жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 92%-ға жететінін баяндады.

«Осы жылдың соңына дейін «Рахман қайнары», «Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы», «Қызылорда – Жезқазған» және «Ақтөбе – Ұлғайсын» жолдары ашылады. Еліміздің транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту үшін бірқатар жаңа жобалар жоспарланды. Транзиттік автомобиль жолдарын дамыту аясында «Орталық – Батыс»,«Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын» бағыттарында, Сарыағаш қаласының айналма жолында құрылыс және реконструкциялау жұмыстары басталды», – деді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында қуаттылығы жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылды

Бүгін 22:00

Түркістан облысында 50 мың бас малға арналған Орталық Азиядағы ең ірі бордақылау кешені ашылды

Бүгін 20:30

Қаладан ауылға дейін: 270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

Бүгін 19:39

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығына қатысты соңғы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасады

Бүгін 19:36

Халық Кеңесінің Экологиялық комиссиясының отырысында қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);