AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда халықтың табысын арттыру бағдарламасы...

Қазақстанда халықтың табысын арттыру бағдарламасы кеңейтіледі

Әлеумет 27.02.2023, 17:00 799
Қазақстанда халықтың табысын арттыру бағдарламасы кеңейтіледі
Сурет: Ашық дереккөз

Бағдарламаны 2029 жылға дейін өзектендіру шаралары пысықталды


Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Халықтың табысын арттыру бағдарламасын өзектендіру бойынша ұсыныстар мен нәтижелері қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бағдарламаны іске асыру нәтижесінде бюджет саласының 1,1 млн-нан астам қызметкерінің, атап айтқанда, 74 мың дәрігердің жалақысы орта есеппен 30%-ға, 600 мың педагог пен мұғалімнің жалақысы – 25%-ға, 173 мың орта медициналық персоналдың жалақысы 20%-ға және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің ішінде басқа да санаттарының жалақысы 20%-ға өскенін хабарлады. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және қызметкерлер арасындағы еңбекақы алшақтығын азайту бойынша қосымша шаралар қабылданды.


Сонымен қатар бүгінгі таңда бағдарламаны 2029 жылға дейін өзектендіру шаралары пысықталды. Бұл ретте оны республикалық және өңірлік деңгейлерге бөлу жоспарланып отыр, бұл жергілікті атқарушы органдарды кеңінен тартуға мүмкіндік береді.


Алдағы кезеңдегі негізгі бағыттардың бірі - Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде экономиканың нақты секторында жұмыс орындарын құру, «Ауыл Аманаты» жобасы аясында ауыл халқының табысын арттыру, сондай-ақ шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету.


Сонымен қатар бюджеттен жалақыны көтеру және азаматтарға жаңа цифрлық қызметтер арқылы белсенді әлеуметтік қолдаудың шараларымен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру жоспарланды.


Премьер-министр екі күн ішінде халықтың табысын арттырудың өңірлік жоспарларын бекітуді қамтамасыз етіп, бағдарламаны Үкіметке Кешенді жоспар түрінде жеделдетіп келісу және енгізу қажеттігін атап өтті.


Жиында сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек және Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов баяндама жасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#халық #табыс #жоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Келешек мектептерінің оқушылары «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Бүгін 18:29

Алматы студенттері Қытайда цифрлық қауіпсіздік бойынша білімдерін шыңдады

Бүгін 18:13

Тоқаев Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап қайтты

Бүгін 17:22

Алматыда «жасыл» энергетиканы дамыту аясында заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынбақ

Бүгін 16:42

Алматыда 55 мыңнан астам адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика