ffin.kz

Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар адамдардың әлеуметтік бейімделуі қалай жүріп жатқаны айтылды

Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар адамдардың әлеуметтік бейімделуі қалай жүріп жатқаны айтылды Сурет: Id-legalgroup.com

Жыл басынан бері 7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты.


Еңбекмині жыл басынан бері мүгедектігі бар қанша адам тұрақты жұмысқа  орналасқаны жайында ақпарат таратты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2,2 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрақты жұмыс орнына және 5 мыңнан астам адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Бұған қосымша мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген жұмыс орындарының квотасы шеңберінде осы жылдың 1 тоқсанында халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша жұмыс берушілер мүгедектігі бар 348 адамды жұмысқа қабылдады», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Сонымен қатар биыл көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін 71 арнайы жұмыс орнын құру қарастырылған. Жұмыс берушілердің жабдықталуына байланысты шығындарын субсидиялау көзделген.


Сондай-ақ ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдарды «Халық бақылаушылары» ретінде тартуды көздейтін әлеуметтік маңызды «Халықтық бақылау» жобасы іске асырылуда. Бүгінгі таңда жобаға 164 кәсіпорын жұмылдырылып, 521 қызметкер жұмысқа орналастырылды.


Жоба аясында мүгедектігі бар адамдар бейнебақылау операторлары ретінде жұмысқа қабылданады, олар ауысыммен жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қадағалайды.


Жобаға қатысу үшін кадрларды іріктеу кезінде мүгедектікті (өндірістік жарақат, кәсіптік ауру, жалпы ауру) белгілеу себебі бойынша кәсіпорында жұмысын тастап кеткен қызметкерлерге басымдық беріледі.


«Халық бақылаушылары» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық тиісті шегерімдермен және әлеуметтік пакеттермен қамтылып, еңбек шарты бойынша штатқа қабылданады.


Жобаны іске асыру мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасы аясында халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04