AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына қатысушы...

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына қатысушылар саны 7 млн адамнан асты

Саясат Бүгін 09:15 35
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына қатысушылар саны 7 млн адамнан асты
Сурет: primeminister.kz

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда, ол азаматтардың жаңа экологиялық мәдениетін қалыптастыру және жаңа Конституциядағы табиғатқа ұқыпты қарау қағидатының негізгі элементіне айналды. Ауқымды жоба аумақтарды абаттандыру, қалдықтармен жұмыс істеу инфрақұрылымын дамыту және экологиялық ағарту жөніндегі кешенді шараларды қамтиды. 

Жыл өткен сайын Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы экологиялық іс-шараларға қатысушылар саны да арта түсуде. Егер 2025 жылы оған 6 млн адам қатысқан болса, осы жылдың қаңтар айынан қазіргі уақытқа дейін 7 млн-нан астам азамат атсалысқан. «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру басталғаннан бері елді мекендерде 7 млн-нан астам ағаш, ал мемлекеттік орман қорының аумақтарында 1 млрд-тан астам тұқым пен көшет отырғызылды.

«Елімізде экологиялық сана қалыптастыру, экологиялық білім беру сынды бағыттар жаңа Конституцияға енгізілді. “Таза Қазақстан” бастамасы тек сенбіліктермен шектелмейді. Ол тұрғындардың экологиялық санасын дамыта түсуді көздейді», — деп атап өтті ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев.

Өскелең ұрпақтың экологиялық біліміне және кері байланысты цифрландыруға ерекше көңіл бөлінуде. 265 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде «Жасыл балабақша» бағдарламасы енгізілген, мектептерде 560 мыңнан астам тақырыптық сынып сағаттары өткізілген. TazaQazBot Telegram-арнасы іске қосылып, ол арқылы елді мекендердің аумағын абаттандыру мәселелері, санитарлық жағдайы жөнінде 57 мыңнан астам өтініш келіп түсті.

Аумақтарды санитарлық тазарту аясында 9 мыңнан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылып, 3,8 млн тоннаға жуық қоқыс жиналды. Бүгінде мемлекет қалдықтар мәселесін жүйелі түрде шешуге көшті, оларды жинаудан бастап терең өңдеу және кәдеге жаратуға дейінгі кешенді шараларды қолға алды. Мысалы, шетелдік инвесторларды тарта отырып, Астана, Алматы қалалары мен Жамбыл облысында жалпы құны 300 млрд теңгеден асатын және қуаты тәулігіне 4,4 мың тоннаға дейін жететін заманауи қоқыс өңдеу кешендері салынуда. Жаңа нысандар қоқысты көмуден Waste-to-Energy (қайта өңделмейтін фракциялардан электр энергиясын өндіру) технологиясына көшуге мүмкіндік береді, бұл өңірлердегі полигондарды босатуға септік етпек. Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату зауыттарын салу жөніндегі осындай жобалар Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Павлодар және еліміздің басқа да ірі қалаларында жоспарлануда.

Кәдеге жарату алымы қаражаты есебінен қалдықтарды басқару саласындағы жобалар қаржыландырылуда. Бүгінгі таңда белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді, мәселен, мақұлданған жалпы сомасы 371,9 млрд теңге болатын 68 жобаның 122,6 млрд теңгелік 34 жобасы қаржыландырылды. Бұл ретте оның 9,9 млрд теңге болатын 15-і пайдалануға берілді. Сонымен қатар, EcoQoldau бағдарламасы аясында қағаз, шыны, шиналар мен пластикті қоса алғанда, қалдықтардың 162 мыңнан астам түрін жинауға 5,3 млрд теңге бағытталды.

Жалпы, 6 жыл ішінде Президенттің елді мекендерді көгалдандыру және орманды алқаптарды қалпына келтіру жөніндегі Жолдауында қойған міндеттері шеңберінде 18,1 млн ағаш отырғызылды. Орманды қалпына келтіру жұмыстары аясында осы кезеңде 1 млн гектардан астам алқапқа шамамен 1,7 млрд ағаш отырғызылды. Қазақстанның орманды алқаптарының көлемі 14 млн гектарға жетті.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #Экология #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Театртанушы Бағыбек Құндақбайұлына – 100 жыл

Кеше 22:25

Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі

Кеше 19:01

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Кеше 18:29

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа тарихи меже алдындағы ортақ міндет – Достастықтың халықаралық беделді ұйым ретіндегі әлеуетін күшейтіп, жаңа геосаяси жағдайға бейімдеу»

Кеше 18:12

Алматыда дәрігерлер инсульт алған науқастарды, тіпті терең қарттық шағында да аман алып қалуда

Кеше 18:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);