Қазақстанда энегетика саласы қызметкерлерінің жалақысы артады

Қазақстанда энегетика саласы қызметкерлерінің жалақысы артады Сурет: Inform.kz

Тариф қалыптастыру қағидасына өзгеріс енгізіледі 


Энергетиктердің еңбекақысын көтеру бағытында бірқатар шара қабылданып жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


«Өткен жылы энергия өндіруші ұйымдар электр қуатын өндіруге шекті тарифті түзету кезінде өндірістік жұмысшылардың жалақысын арттыру бойынша шара қабылдады. Ол бойынша еңбекақыны 15% көбейту көзделген. Сонымен қатар табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясын өндіру тарифінде еңбекақы төлеу қорын жыл сайын 4% өсіру қаралған. Осыған байланысты 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖЭО өндірістік қызметкерлер жалақысының орташа өсімі - шамамен 10%» , - деді Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.


 Үкімет басшысының айтуынша, Энергетика министрлігі, электр энергетикасы қауымдастығы және салалық кәсіподақтар атынан жұмыс берушілер арасында қол қойылған 2022-2024 жылдарға арналған салалық келісім шеңберінде энергетика саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыру көзделіп отыр. 


«Сондай-ақ, табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган жылдық статистикаға сүйене отырып, экономикалық қызмет түрлері бойынша өңірлер бөлінісінде өндірістік және әкімшілік-басқару қызметкерлерінің орташа айлық жалақысын айқындау жөніндегі талапты белгілеу бөлігінде тариф қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесін қарастырып жатыр» - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21