AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі бойынша оқыту және...

Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі бойынша оқыту және білімін тексеру жүйесі жаңартылады

Әлеумет 26.11.2025, 16:10 851
Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі бойынша оқыту және білімін тексеру жүйесі жаңартылады
Сурет: Gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметкерлерді, басшыларды және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларды оқыту, нұсқаулық өткізу және олардың білімін тексеру қағидалары мен мерзімдеріне өзгерістер енгізбек. Тиісті ведомство басшысының бұйрығының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жаңашылдықтар еңбек қауіпсіздігін жетілдіруге, оқытатын ұйымдарға қойылатын талаптарды нақтылауға, нұсқаулық өткізу мен білімді тексеру тәртібін реттеуге, оқу нәтижелерін ресімдеудің бірыңғай тәсілдерін айқындауға, сондай-ақ біліктілікті растаудың ашықтығы мен қолайлылығын қамтамасыз ететін электрондық сертификаттарды енгізуге бағытталған.

Жобада көрсетілгендей, өзгерістер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 «Қызметкерлердің, басшылардың және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқаулық өткізуді және білімін тексеруді жүргізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығына енгізіледі.

Бұйрық жобасы 2025 жылғы 11 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбек қауіпсіздігі #оқыту #білімін тексеру #жүйе #жаңарту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);