AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда «Электрондық жеке іс» сервисі іске қос...

Қазақстанда «Электрондық жеке іс» сервисі іске қосылды

Әлеумет 05.04.2022, 02:23 1,107
Қазақстанда «Электрондық жеке іс» сервисі іске қосылды
Сурет: Neg.by

Бұл қызмет жұмысқа орналастыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.


Қазақстан Үкіметі жұмысқа орналастыруды жеңілдету үшін жаңа сервисті іске қосты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында «Электрондық жеке іс» жаңа сервисін іске қосты, ол жұмысқа орналасу процесін жеделдетуге және қызметкердің жұмыс берушіге деректерді қағаз жеткізгіште беру қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді», - делінген министрлік хабарламасында.



Енгізілген сервистің арқасында әлеуетті қызметкердің түйіндемесін қарау және оны одан әрі ресімдеу кезінде жұмыс беруші қызметкердің жеке ісін электрондық форматта алу үшін Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне сұрау салуды жүзеге асыра алады.



 «Жұмыс берушілердің көбі әлі күнге дейін қызметкерлерден еңбек кітапшасын, жеке парақ пен өмірбаянды жазбаша тапсыруды талап етеді. Азаматтардың бұған наразылық білдіруі орынды. Мұндай ескі тәсілдерден арылу қажет», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында.



Жұмыс беруші Еңбек кодексінде сипатталған шарттар шеңберінде мынадай кез келген ақпаратты: жеке куәлік деректерін, фотосурет, білімі және отбасы мүшелері туралы ақпарат, вакцинация, ЕШЕБЖ-дан жұмыс тәжірибесі туралы ақпаратты сұратуға құқылы. Бұдан басқа, мынадай электрондық анықтамаларды алуға болады:


– соттылықтың болмауы/болуы туралы;


– психоневрологиялық, наркологиялық және туберкулезге қарсы диспансерлерде есепке алу туралы;


– 0/75у анықтама;


– мүгедектік туралы анықтама.


Бұл ретте жұмыскерге смс-хабарлама арқылы немесе Электрондық еңбек биржасы  порталындағы жеке кабинетке әлеуетті жұмыс берушіге өз деректерін ұсынуға сұрау келеді. Оң жауап алғаннан кейін, ЕШЕБЖ жеке іске қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оның негізінде жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа қабылдау және онымен еңбек шартын жасасу туралы шешім қабылдайды. Осы жерде электрондық еңбек шартының жобасын жасауға болады.


ЕШЕБЖ қызметкердің  сауалға жауабын күнтізбелік 7 күн ішінде күтетінін атап өткен жөн. Бас тартылған немесе жауап болмаған жағдайда, жұмыс берушіге деректерді ұсынудан бас тартылады. Келісім ақпарат сұраған ұйымдағы барлық жұмыс мерзіміне жарамды болады. Егер келісім жасалмаса немесе бұзылса, келісім автоматты түрде заңсыз болып саналады.


«Электрондық жеке іс» сервисі құжаттарды қолдан жасау тәуекелін болдырмайды және еңбек шарттарын жасасу кезінде қағаз құжаттарды ұсынудан бас тарту арқылы жұмысқа орналастыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.


Қазіргі уақытта жұмыс берушілер сервисті ЭЕБ немесе кәсіпорындағы кадрлық есептің ақпараттық жүйелері арқылы пайдалана алады. Бұдан әрі бұл функционал әзірленіп жатқан еңбек ресурстары порталында қолжетімді болады.


Қызметкердің жеке ісін ұсыну сервисі шеңберінде ЕШЕБЖ  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР Әділет министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен, сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен біріктірілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыс #қызмет #сервис #Қазақстан #еңбек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);