ffin.kz

Қазақстанда бюджетаралық қатынастарды реформалау жалғасады

Қазақстанда бюджетаралық қатынастарды реформалау жалғасады Сурет: Adyrna.kz

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.


Бүгін палатаның жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Құжатта бюджетаралық мәселелер ескерілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Бюджетаралық қатынастарды одан әрі реформалау жөніндегі жұмыс жүргізілуде. Реформаның негізгі мақсаты – өңірлердің қаржылық дербестігін күшейту. Салық түсімдерінің кейбір түрлерін, яғни олардың тұрақтылығы мен жинақталу қағидаттарын ескере отырып, жергілікті деңгейге беру ұсынылады», - деді Ә. Қуантыров.



Бұдан басқа заң жобасында жалпы сипаттағы трансферттердің есептеулеріне берілетін ақпараттың анықтығы үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігі қарастырылған.


Сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық функцияларын жеке монополиялық операторлардың жүзеге асыруына заң жүзінде тыйым салу жөніндегі тапсырманы іске асыру қарастырылған. Бұл тұрғыда мемлекет 100% қатысатын заңды тұлғалар ғана монополиялық функцияларды жүзеге асыра алатын түзетулер ұсынылды.



«Демек арнайы құқық субъектісі ұғымы нақтыланады және мемлекеттік монополия мен арнайы құқықты қоспағанда, айрықша әрі басым құқықтарды беруге тыйым салынады», - деді министр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04