AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар...

Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады

Әлеумет Бүгін 18:25 44 yakiya
Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады

2026 жылғы24 маусымдағыжағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ең көп арзандаған өнім – қызанақ, оның бағасы5,5%төмендеді. Сондай-ақ І санаттағы жұмыртқа (-1,3%), қияр (-1,3%),сүт (пастерленген, ультрапастерленген, стерилденген, майлылығы 2,2%-дан 6%-ға дейін) (-0,2%), майлылығы 2-3% айран (-0,2%), майлылығы 5-9% сүзбе (-0,2%), қара шай (-0,2%), сондай-ақ ажарланған күріш және балғын, салқындатылған және мұздатылған балық, қаймақ, алма және ас тұзының бағасы (әрқайсысы-0,1%) төмендеді.

Өңірлер бөлінісінде дефляциялық үрдіс еліміздің бірқатар қалаларында байқалды. Бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі Қонаевта (-0,5%), Көкшетауда (-0,4%), Павлодарда (-0,3%), Шымкентте, Атырауда және Петропавлда (әрқайсысы-0,2%) төмендеді. Ал Қостанай, Қызылорда, Семей, Тараз және Өскемен қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды.

Өңірлердегі бағаның төмендеуіне көкөніс өнімдерінің маусымдық арзандауы, сондай-ақ бакалея тобына жататын жекелеген тауарлар бағасының төмендеуі негізгі фактор болды.

Республика бойынша қызанақтың орташа бағасы бір килограмына654 теңгеніқұрады. Ең төменгі баға Шымкент қаласында тіркеліп, бір килограмы 406 теңгені құрады.

Тазартылған күріштің орташа республикалық бағасы бір килограмына532 теңгеболды. Ең қолжетімді бағалар Қызылордада –461 теңгежәне Алматыда –478 теңгедеңгейінде тіркелді.

Картоптың республика бойынша орташа бағасы бір килограмына280 теңгеніқұрады. Ең төменгі баға Тараз қаласында тіркеліп, бір килограмы220 теңгеболды.

І санаттағы он дана жұмыртқаның орташа бағасы республика бойынша575 теңгеніқұрады. Ең төменгі бағалар Көкшетауда (486 теңге) және Ақтөбеде (488 теңге) тіркелді.

Ет өнімдері бойынша республикадағы сүйекті сиыр етінің орташа бағасы бір килограмына3 777 теңгені, тауық етінің орташа бағасы бір килограмына1 725 теңгеніқұрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азық-түлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

Бүгін 19:39

Дархан Сатыбалды Тәжікстанның Хатлон облысының төрағасымен кездесті

Бүгін 19:35

Естелік-портрет: аудиториядан басталған эфир жолы

Бүгін 19:26

Қазақстандық жұмыс берушілердің кадрларға сұранысы өсуде

Бүгін 18:22

Алматыдан Шанхайға дейін: Алматы музейі екі мегаполисті мәдениет арқылы тоғыстырды

Бүгін 18:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);