AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / «Ауқымды құрылыс қарқыны»: бір апта ішінде қандай...

«Ауқымды құрылыс қарқыны»: бір апта ішінде қандай жаңа әлеуметтік инфрақұрылым нысандары іске қосылды

Экономика Бүгін 08:45 24
«Ауқымды құрылыс қарқыны»: бір апта ішінде қандай жаңа әлеуметтік инфрақұрылым нысандары іске қосылды
Сурет: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында еліміздің өңірлерінде көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, оның ішінде тұрғын үй инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Құрылысы басталды

Бурабай курорттық аймағында «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында ауданы 12,8 мың шаршы метр болатын халықаралық деңгейдегі көпфункционалды конгресс-орталықтың құрылысы басталды. Жоба іскерлік туризмді дамытуға, маусымаралық кезеңде қонақтар ағынын арттыруға және өңірлік экономиканы қолдауға бағытталған. Оны жүзеге асыру шағын және орта бизнестің, қызмет көрсету саласының, қоғамдық тамақтану мен көлік инфрақұрылымының дамуына серпін береді. Бұл – жаңа жұмыс орындары, қосымша инвестициялар және жергілікті кәсіпкерлер үшін ашылған мүмкіндіктер

Пайдалануға берілді

Жаңартылған теміржол вокзалдары, білім беру нысандары пайдалануға берілді, ауылдарды газдандыру және азаматтардың әлеуметтік осал санаттары арасында тұрғын үй қорын бөлу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Білім беру және абаттандыру

Көкшетауда 120 оқушыға арналған мектеп ашылды, ол апатты ғимараттың орнына салынған. Білім ордасында оқушылар үшін жайлы және толыққанды оқу үдерісі үшін заманауи жағдайлар жасалған: 11 оқу кабинеті, шеберханалар, кітапхана, медблок, акт және спорт залдары жабдықталған. 

Ақмола облысында аумағы 33,7 мың шаршы метр болатын мәдениет және демалыс саябағы ашылды. Макинск қаласындағы саябақ аумағында әртүрлі жастағы топтарға арналған балалар және спорт алаңдары, жүгіру жолы, әңгімелесуге арналған күркелер, әткеншектер және мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізетін амфитеатр бар.

Көлік инфрақұрылымы

Жетісу облысында Жайпақ және Сарыөзек теміржол стансаларын реконструкциялау аяқталды. Инфрақұрылымдар жаңартылып, қауіпсіздік талаптары күшейтілді және жолаушылар үшін жағдайлар жақсара түсті. Бұл жұмыстар Президент бастамашылық еткен 124 вокзалды жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілген.

Инженерлік инфрақұрылым

Жетісу облысында төрт елді мекен – Әулиеағаш, Ақжазық, Аққұдық және Шолақай ауылдары табиғи газға қосылды. Бұрын көмір мен ағаш жағып келген 9 мыңға жуық ауыл тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізді. Бүгінгі таңда еліміз бойынша газдандыру деңгейі 64,2%-ға жетті, яғни 13,1 млн адам табиғи газдың игілігін көріп отыр. 2035 жылға қарай бұл көрсеткішті 80%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Цифрлық инфрақұрылым

Қарағандыда ЖИ сервистері интеграцияланған мемлекеттік қызметтер көрсететін жаңа форматтағы цифрлық AI-кеңсе ашылды. Оның дәстүрлі ХҚКО-лардан айырмашылығы: орталықта құжаттарды рәсімдеу азаматтардың цифрлық сауаттылық дағдыларын арттыруға бағытталған, олар электрондық порталдарды өз бетінше пайдалана алуы үшін тегін оқытылады.

Тұрғын үй қоры

Еліміздің өңірлерінде әлеуметтік осал санаттағы, кезекте тұрған азаматтардың және көп балалы отбасылардың арасында тұрғын үй бөлу жалғасуда. Шымкентте, сондай-ақ Алматы, Ақмола және Түркістан облыстарында отбасылар 136 пәтер мен тұрғын үйдің кілтін алды.

Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің бірнеше отбасы Алматыдағы «Құтқарушылар үйі» жаңа тұрғын үй кешенінен қызметтік пәтер кілттерін алды. Жаңа ғимарат өрт сөндіру бөлімінің жанында орналасқан. Тұрғын үй жиһазбен, тұрмыстық техникамен толық жабдықталған және қоныстануға дайын.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылыс #инфрақұрылым #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке Жеңіс күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Кеше 21:00

2030 жылға дейін тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасы қабылданды

Кеше 16:23

Зарап Темірбеков мұрасы – ұрпақ жадында

Кеше 16:07

Эпидемиялық маусымдағы сақтық шаралары

Кеше 15:20

«Жыр аққуы – Марфуға»: ақын Марфуға Айтқожаның 90 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді

Кеше 14:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);