AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда балаларды буллингтен қорғаудың ережесі...

Қазақстанда балаларды буллингтен қорғаудың ережесі бекітілді

Әлеумет 26.12.2022, 06:10 2,138
Қазақстанда балаларды буллингтен қорғаудың ережесі бекітілді
Сурет: Inbusiness.kz

Құжат ресми жарияланған күннен 10 күн өткеннен кейін күшіне енеді.


ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы бұйрығымен Баланы жәбірлеудің (буллинг) алдын алу ережесі бекітілді. Құжат ресми жарияланған күннен 10 күн өткеннен кейін күшіне енеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қағидаға сәйкес, білім беру ұйымы әкімшілігінің келісімі бойынша баланы жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу жөніндегі жұмысқа ата-аналар жұртшылығының, қызметі білім беру процесіне қатысушылардың құқықтарын қорғауға қайшы келмейтін мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тартылады.


Баланы жәбірлеу (буллинг) туралы ақпарат жергілікті атқарушы органға не білім беру ұйымына келіп түскен кезде жауапты тұлға ақпаратты баланы жәбірлеу (буллинг) туралы ақпаратты есепке алу журналында тіркейді. Баланы жәбірлеу (буллинг) туралы келіп түскен ақпарат 1 (бір) күн ішінде басшыға жеткізіледі. Баланы жәбірлеу (буллинг) туралы ақпарат білім беру ұйымына түскен кезде білім беру ұйымы басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:


1) баланы жәбірлеуге (буллингке) қатысушылар туралы ақпарат келіп түскен күннен бастап бастапқы ақпаратты қалыптастырады, оған мыналар кіреді:


баланың (отбасы мүшелерінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);


тұрғылықты жері;


оқу орны бойынша баланың жалпы сипаттамасы;


сынып жетекшісінің, куратордың, баланы (педагогты) жәбірлеуге (буллингке) қатысушылардың және (немесе) баланың заңды өкілдерінің жазбаша түсіндірмесі.


2) ақпарат келіп түскеннен кейін бір жұмыс күні ішінде сынып жетекшісін, педагог-психологты тарта отырып, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған баламен, сондай-ақ жәбірлеудің (буллингтің) бастамашысымен/қоздырушысымен және олардың заңды өкілдерімен әңгімелесу жүргізеді;


3) баланы жәбірлеуге (буллингке) байланысты жанжалды бейбіт жолмен реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;


4) медициналық айғақтар болған кезде медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкес жәбірлеуден (буллингтен) зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсетуге жәрдемдеседі;


5) әңгімелесу өткізілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы ақпаратты білім беру ұйымдарының басшысына береді.


Бұйрықтың толық нұсқасымен мына жерден танысуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #Қазақстан #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін 14:43

Алматының саябағында: тазылар, бүркіттер, аңыз-әфсана кейіпкерлері

Бүгін 14:22

Бакуда қазақы үлгідегі Наурыз мерекесі кең көлемде тойлануда

Бүгін 14:14

Сайран көлінің жағасында Наурыз тойы өтіп жатыр

Бүгін 13:46

Руханият пен технология тоғысты: KitapFest–2026 жаңа форматта өтті

Бүгін 13:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика