Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қазақстанда ауыр қылмыстар саны айтарлықтай төменд...

Қазақстанда ауыр қылмыстар саны айтарлықтай төмендеді

Заң мен тəртіп 10.02.2025, 12:26 717
Қазақстанда ауыр қылмыстар саны айтарлықтай төмендеді
Сурет: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігінде Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс қорытындысы қаралды.

Ведомство басшысы Ержан Саденов қоғамдық кеңес мүшелеріне еліміздегі криминогендік жағдай туралы хабарлады. Ішкі істер министрі соңғы жылдары қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде ахуалдың едәуір жақсарғанын атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

- Қылмыс деңгейі 102 мыңға дейін немесе 11%-ға төмендеді. 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы 12 700 қылмысқа аз тіркелді. 90-шы жылдарды қарайтын болсақ, ол кезде қылмыс саны 200 мыңнан асатын. Бірақ біз мұнымен тоқтамаймыз. Нөлдік межеге жетуді мақсат етіп отырмыз, - деді министр. 

Тәуелсіздік жылдары ішінде қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендегені байқалады. Статистикалық деректер осы тенденцияны растап, криминогендік жағдайдағы елеулі өзгерістерді көрсетіп отыр. Төмендеу ауыр қылмыстар, оның ішінде тонау, ұрлық, зорлау және адам өлтіру сияқты қылмыстарға да қатысты. Мысалы, 1997 жылы адам өлтірудің 2594 фактісі тіркелсе, өткен жылы 565 факті болды. Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар қоғам қауіпсіздігіне ерекше қауіп тудырады. Егер 30 жыл бұрын бір жыл ішінде тіркелген осындай қылмыс саны 1,5 мыңға жетіп отырса, былтыр бұл көрсеткіш 118-ге дейін төмендеді. Топтасып жасалған қылмыстар бойынша да оң динамика байқалады. 1992 жылы Қазақстанда 18928 осындай қылмыс тіркелсе, 1994 жылы олардың саны 24712-ге жеткен. Бұл кезең құқық қорғау органдары үшін ең қиын уақыттардың бірі болды. Қылмыстық топтар белсенді әрекет етіп, оларға қарсы күрес көп күш талап етті. Алайда соңғы жылдары олардың саны айтарлықтай азайды. 2024 жылы топпен жасалған қылмыстар саны 5588-ді құрап, 4,5 есе төмендеді. Сонымен қатар министр қылмыс түрлерінің өзгергенін және заманауи технологияларға бейімделгенін атап өтті.

- Алаяқтық кең таралуда. Бұл барлық қылмыстардың 42%-ын құрайды. Адамдар пайда табуды көздеп, күмәнді инвестициялар мен пирамидаларға ақша салады. Негізгі себептер — халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігі және азаматтардың полицияға кеш хабарласуы. Бұл көптеген елдерге тән құбылыс, - деді Ішкі істер министрі. 

Ержан Саденов министрлік осы қауіппен белсенді күресіп, алдын алу шараларын жақсарту және халықтың киберқылмыстар бойынша хабардарлығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ отырыста Қоғамдық кеңестің атқарған жұмысы қаралды. Қазіргі құрамдағы кеңес үш жыл бойы жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде ішкі істер органдарының қызметін жақсарту бойынша көптеген маңызды қадамдар жасалды. Айта кету керек, жалпы құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғамның өзара әрекеттесуі елде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық тәртібін нығайтуда шешуші рөл атқарады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ІІМ #Қоғамдық кеңес #отырыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ғылыми қауымдастық, жастар және еңбек ұжымдары референдумды қолдады

Бүгін 10:58

Алматыда 2026 жылға арналған перинаталдық көмекті дамыту басымдықтары айқындалды

Бүгін 10:36

Рэпер Qarakesek-ке 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасы белгіленді

Бүгін 10:25

Алматылық науқастың қалқанша безіне радиожиілікті абляция жасалды

Бүгін 10:23

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ еуропалық қоғамның мәртебесін иеленді

Бүгін 10:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі