AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда әскери қызметшілер арасында қазақ күре...

Қазақстанда әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен CISM әлем чемпионатын өткізу жоспарлануда

Әлеумет 20.05.2024, 14:45 995
Қазақстанда әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен CISM әлем чемпионатын өткізу жоспарлануда
Сурет: Gov.kz

Танзания астанасы Дар-эс-Саламда CISM халықаралық әскери спорт кеңесінің 79-шы Бас ассамблеясы мен конгресі өтті.

Әлемдегі ең ірі пәнаралық спорт ұйымдарының бірі саналатын Conseil International du Sport Militaire 140 елдің әскери қызметшілерін біріктіреді. Ұйымның «Спорт арқылы достық» деген ұраны CISM-тің негізгі мақсаты бейбітшілікті нығайту құралы ретінде Қарулы күштер арасындағы спорт пен дене шынықтыруды дамыту екенін көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Жиынға қатысушылардың баяндамаларында спорттың дипломатиялық құрал ретіндегі ықпалына және спортты дамыту стратегияларына баса назар аударылды. Сонымен бірге 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту мәселелері талқыланды.

ҚР ҚМ Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов қазақ күресінен әскери қызметшілер арасында CISM бірінші Әлем чемпионатын 2025 жылғы жоспарға енгізу мәселесі бойынша баяндама жасады. Ол қазақ күресінің тарихы туралы айтып, мұндай турнирді ұлттық спортты дамыту және қазақ күресін әлемдік деңгейде насихаттау мақсатында өткізу жоспарланып отырғанын атап өтті. Ең көне ұлттық спорт түрі әрі халқымыздың мәдени құндылығы ретінде балалар мен жастар арасында кеңінен танымалдығына және бүкіләлемдік ЮНЕСКО ұйымы мойындағанына тоқталды.

"Біздің еліміз ірі спорттық іс-шараларды өткізуде тәжірибеге бай. Сол себепті елордада әлем чемпионатын лайықты ұйымдастыруға бар күшімізді саламыз. Бізге көрсетілген сенімі үшін әлемдік күрес ұйымына алғысымды білдіргім келеді. Әскери спорт дәстүрлерін нығайту мен арттыру ісінде әріптестікті одан әрі жалғастыра береміз", – деп атап өтті полковник Арман Әбеуов. 

Конгресс пен ассамблея аясында Түркия, Қытай, Оңтүстік Кореяда Қазақстан Қарулы күштерінің дене шынықтыру және спорт мамандарын оқыту мен біліктілігін арттыру туралы алдын ала уағдаластық та бар.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #спорт #Қазақ күресі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қыс мезгілінде үйдегі жылуды қалай сақтауға болады?

Кеше 14:39

Қарашада неше күн демалыс бар?

Кеше 12:15

Алматы қаласының алдағы аптадағы ауа райы болжамы

Кеше 10:10

Алматыда Ideathon by QYZfond аясында 800-ден астам студент қыз 10 жетекші компанияға инновациялық жобаларын ұсынды

31.10.2026

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Брусиловский көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

31.10.2026
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);