Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стан...

Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары жетілдірілді

Әлеумет 22.06.2021, 10:16 1,868
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары жетілдірілді
Сурет: Gov.kz.

Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары жетілдірілді


 


Заңнамалық базаны жетілдіру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік беретін «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы бұйрығына өзгерістер енгізілді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтындағы ақпаратқа сілтеме жасап.


Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (бұдан әрі – МӘМ) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарында мыналар қарастырылған:


- мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға арналған санитариялық-гигиеналық заттардың тізбесін күнделікті және урологиялық төсемдермен кеңейту;


- қатты инвентарь ретінде қосымша позицияны қосу;


- мүгедектігі жоқ адамдарға дәрігердің көрсетілімі бойынша техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын (балдақтар, таяқтар, жүргіштер, корсеттер, бандаждар, емдік белдіктер, есту аппараттары, бөлмелік кресло-арбалар, серуендеуге арналған кресло-арбалар, сіңіргіш жаймалар (жаялықтар) беру;


- әлеуметтік-еңбек қызметтерін ұсыну (жылыжайларда, қысқы бақта, үй жанындағы учаскелерде), бұл қызмет алушыларды олардың денсаулық жағдайын ескере отырып, өмірдің әртүрлі нысандарына тартуға мүмкіндік береді.


Сондай-ақ МӘМ-де ресімдеу кезінде медициналық тексеруден өту рәсімін оңайлату мақсатында қолданыстағы медициналық карта нысанында көзделген тар шеңберлі мамандардың тізбесі қысқартылды. Міндетті 8 маманнан 3, сондай-ақ барлық қосымша 7 маман қысқартылды.


Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарында қарттар мен мүгедек адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерді униформамен, жеке қорғаныс құралдарымен (бір рет қолданылатын маскалар мен қолғаптар, дезинфекциялау құралдары) қамтамасыз ету көзделген.


Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері мен жергілікті атқарушы органдар ұсынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Толе би #вырубка деревьев #Акимат Алматы #Sulpak #Қазақстан #астана #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02

Алматыда жүргізушілер көлігінің шығарындысын тегін тексере алады

Бүгін 15:59

Суасты сырлары: Алматыда ерекше көрме ашылды

Бүгін 15:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика