конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инжене...

Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр

Әлеумет Бүгін 17:15 26 yakiya
Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
gov.kz

Чемпионаттың басты мақсаты – қорғаныс саласына арналған озық инженерлік шешімдерді анықтап, оларды кейіннен Қазақстан Қарулы күштерінің қажеттілігіне енгізу, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сонымен қатар жоба әскери және азаматтық инженерлердің, ғалымдар мен IT-мамандардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін маңызды алаң ретінде қарастырылып отыр.

Бірінші кезеңге еліміздің әр өңірінен 150 қатысушыдан құралған 19 инженерлік команда тіркелді. Олардың қатарында әскери оқу орындарының, жоғары оқу орындарының, инженерлік мектептердің, қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының және Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің өкілдері бар.

Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев бұл бастаманың еліміздің қорғаныс әлеуетін нығайтудағы маңызын ерекше атап өтті.

 – «SHAIQAS-2026 – бұл жай ғана жарыс емес. Бұл – дарынды әзірлеушілерді анықтап, отандық үздік инженерлік шешімдерді еліміздің қорғаныс жүйесіне енгізуге мүмкіндік беретін жоба. Осындай технологиялар қазіргі заманғы армияның болашағын айқындайды», – деді ол.

Қазіргі уақытта полигонда чемпионаттың тестілік кезеңі өтіп жатыр. Бұл кезеңде командалардың техникалық әзірлемелері мен финалдық сынға дайындығы жан-жақты бағаланатын болады. Мамандар жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігін, инженерлік шешімдердің сенімділігін және қатысушылардың кәсіби даярлық деңгейін тексереді. Тестілік кезеңнің қорытындысы бойынша финалға жолдама алатын үздік командалар анықталады.

Чемпионат төрт негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылған. Олар – «Аспан», «Жер», «Киберқауіпсіздік» және «Тактика».

«Аспан» бағыты бойынша қатысушылар FPV-дрондарды басқарып, әуе барлауын жүргізу, жүктерді дәл жеткізу сияқты тапсырмаларды орындайды.

«Жер» кезеңінде роботтандырылған кешендердің көмегімен инженерлік міндеттерді орындап, шартты түрде жараланғандарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау бойынша шеберліктерін көрсетеді.

Ал «Киберқауіпсіздік» кезеңінде арнайы полигонда ұйымдастырылған кибершабуылдарға қарсы тұрып, ақпараттық жүйелерді қорғау қабілеттерін сынайды.

«Тактика» бағыты аясында қатысушылар тактикалық іс-қимыл, атыс дайындығы және әскери-медициналық көмек көрсету бойынша кешенді сынақтардан өтеді.

Чемпионаттың финалдық кезеңі 14-15 тамыз күндері «Амандық» оқу орталығының базасында өтеді. Финалға аралық іріктеуден сүрінбей өткен командалар қатысады. Олар далалық жағдайда практикалық тапсырмаларды орындап, өздерінің техникалық шешімдері мен кәсіби шеберліктерін сынға салады. Финалдық жарыс онлайн режимде тікелей эфирде көрсетіледі.

Жеңімпаздарды қомақты сыйақы күтіп тұр. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 18 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде бірінші орын иегері 10 миллион теңге, екінші орын 5 миллион теңге, ал үшінші орын 3 миллион теңге алады.

«SHAIQAS-2026» чемпионатын өткізу бастамасы «Қазақстан ҒАЖ орталығы» АҚ-қа тиесілі. Жарыстың операторы – «Қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы инновацияларды дамыту орталығы» ЖШС (Defense Tech).
Чемпионат демеушілердің қаражаты мен серіктестердің жарналары есебінен ұйымдастырылып отырғанын айта кету керек. Жобаны өткізу барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бюджет қаражаты пайдаланылмайды.

«SHAIQAS-2026» – еліміздегі әскери инженерия, робототехника, ұшқышсыз технологиялар және киберқауіпсіздік салаларын дамытуға бағытталған алғашқы ірі чемпионат. Қазірдің өзінде бұл жоба инновациялық шешімдерді тәжірибеде сынап, оларды қорғаныс жүйесіне енгізуге жол ашатын маңызды бастама ретінде бағаланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#чемпионат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бір апта ішінде Қазақстанда қызанақ, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы арзандады

Бүгін 17:02

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

Бүгін 16:58

Алматыда Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейін алты жолақты жаңа магистраль салынады

Бүгін 15:15

«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

Бүгін 15:13

Алматыда 1989 жылы пайдалануға берілген құбырды ауыстыруға байланысты Снегин көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);