AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда ағашты заңсыз кесу әрекеттеріне жауапк...

Қазақстанда ағашты заңсыз кесу әрекеттеріне жауапкершілік күшейтілді

Әлеумет 29.12.2022, 09:46 1,255
Қазақстанда ағашты заңсыз кесу әрекеттеріне жауапкершілік күшейтілді
Сурет: 24 kz

Жауаптылықты қатаңдату көзделіп отыр.


29 желтоқсан күні Сенаттың жалпы отырысында «ҚР Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар және вандализм көріністері үшін жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы мен ілеспе құжат екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Заң жобалары аясында ұлттық парктерді және басқа да табиғи байлықтарды қорғау мақсатында тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.


Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мәліметінше, бұл құжат ҚР Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген Құқық бұзушыларды әкімшілік және қылмыстық қудалауды күшейте отырып, Қазақстанның табиғи байлығын қорғауды көздейтін құқықтық шараларды дайындау жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында әзірленді.


Заң аясында Қазақстанның ұлттық саябақтарын және басқа да табиғи байлығын экологиялық залалдардан: жерді бүлдіруден, ағаштарды заңсыз кесуден, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану режимін бұзудан, жер қойнауын өз бетінше пайдаланудан және қоршаған ортаға қоғамдық қауіп төндіретін өзге де іс-әрекеттерден қорғайтын құқықтық нормалар белгіленеді.


Экологиялық залал үшін жауаптылықты күшейту мақсатында Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерде ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны немесе зақымдағаны, жер қойнауын өз бетінше пайдаланғаны әрі басқа да құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауаптылық деңгейі артты. Сондай-ақ вандализм көріністері, қоғамдық және жеке мүлікті бүлдіргені үшін жауаптылықты қатаңдату көзделген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Экология #жауапкершілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);