ffin.kz

Қазақстанда адам саудасына қарсы күрес қалай жүргізіп жатыр?

Қазақстанда адам саудасына қарсы күрес қалай жүргізіп жатыр? Сурет: Azerbaijan-news.az

Осы мәселемен шұғылданатын мамандардың отырысы өтті.


Қазақстан үкіметінің мүшелері Адам саудасына қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын баяндады. Осы мақсатта бейнеконференция режимінде адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 41 отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Кеңеске Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Қаржы мониторингі агенттігі, 8 министрлік, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, жергілікті атқарушы органдар мен ҮЕҰ өкілдері қатысты», – делінген Еңбекмин баспасөз қызметінің хабарламасында.



Қазақстан үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, болдырмау және оларға қарсы күрес жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы отырысқа қатысушыларды Еңбекмині әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаментінің директоры Альбина Боранбайқызы хабардар еткен.



«Ағымдағы жылғы 26 мамырда өткен ВАК-тың 40-отырысының қорытындысы бойынша адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру шеңберінде ҚР Әлеуметтік кодексінің тұжырымдамасына Қазақстан аумағында уақытша болатын шетелдік адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қарастыратын норма енгізілді. Қазіргі уақытта бұл норма мемлекеттік органдармен келісуден өтуде», – деді Альбина Боранбайқызы. 



Мамандардың айтуынша, наурыз және маусым айларында ішкі істер органдары республика аумағында «STOP трафик» жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізді. Олардың қорытындысы бойынша ІІМ аумақтық бөлімшелері Қылмыстық кодекстің түрлі баптары бойынша 87 сотқа дейінгі тергеуді бастады (қанау мақсатында адам ұрлау, қанау мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру, кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту, кәмелетке толмағандарды саудаға салу, жезөкшелікпен айналысуға тарту, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық).


Сонымен қатар мамандар, Қазақстан аумағында уақытша тұратын шетелдіктерге және адам саудасының құрбаны болған азаматтығы жоқ адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер (Бұдан әрі – АӘҚ) көрсету бөлігінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін  қараған. 


Бұл толықтырулар бойынша, шетелдік азаматтарға ҚР азаматтарымен тең дәрежеде тегін медициналық көмек беріледі, оларға құқықтық консультация беріледі және де басқа да көмек беріледі.   



«Бұл нормалар шетелдік адам саудасының құрбандарына көрсетілетін көмек көлеміне тең дәрежеде қол жеткізуге мүмкіндік береді, олардың тергеу мен қылмыстық қудалауға тартылуына қарамастан, әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Еңбекмині Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаментінің директоры.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15