AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда 68 мыңнан астам мемлекеттік қызметші б...

Қазақстанда 68 мыңнан астам мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды

Әлеумет 23.02.2022, 07:43 1,496
Қазақстанда 68 мыңнан астам мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды
Сурет: Education.24tv.ua

Оқу бағдарламасы бекітілген жоспарға сай іске асырылған.


Өткен жылы елімізде 68 мыңнан астам мемлекеттік қызметші білімін жетілдірді. Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кеңейтілген алқа отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Өткен жылы академияда оқу бағдарламалары бекітілген жоспарға сай іске асырылды. Қаңтардан қазанға дейін оқу онлайн форматта, кейін аралас форматта өтті. Қысқа мерзімді оқытудың тиімділігін күшейту мақсатында академия коучингтік технологиялар мен ассесмент құралдарын қолдана отырып, корпоративтік біліктілікті арттыру семинарларын іске асыру бойынша жобаларды жалғастырды. Мұндай формат кезінде тыңдаушылар мемлекеттік органның нақты проблемаларын шешуге қатысып, топтық жобалар жасайды. 2021 жылғы сәуір-шілде аралығында академия және оның филиалдары ҚР Әділет министрлігімен бірлесіп, ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормалары бойынша 68 мыңнан астам мемлекеттік қызметшілерін оқытып шығарды», - деді Ерлан Әбіл.



Академия басшысының айтуынша, одан 36 мыңнан астам мемлекеттік қызметші қысқа мерзімді оқытудан өтті.



«Сонымен қатар біз экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, UN PAGE бағдарламасының (БҰҰ-ның Жасыл экономика бойынша іс-қимыл жөніндегі әріптестігі) және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының қолдауымен 700 мемлекеттік қызметшіні, оның ішінде Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан келген мемлекеттік қызметшілерді оқыту бойынша «Жасыл экономика және төмен көміртекті даму» жобасын іске асырдық», - дейді ол.



Одан бөлек, ректор өткен жылы қазанда академияда мемлекеттік басқару саласындағы қазақстандық тәжірибені зерделеу және ұлттық жобаларды іске асыру мақсатында Ресейдің басқарушы кадрлары резервінің жоғары деңгейін даярлау бағдарламасы бойынша тағылымдама ұйымдастырылғанын айтып өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #Қазақстан #шенеунік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);