Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда 2025 жылы автокөлік сатылымы 14,4%-ға...

Қазақстанда 2025 жылы автокөлік сатылымы 14,4%-ға өсті

Әлеумет 20.01.2026, 11:37 296
Қазақстанда 2025 жылы автокөлік сатылымы 14,4%-ға өсті
Сурет: Ernur.kz

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) 2025 жылдың қорытындысын жариялады. Өткен жылы елде 234 852 автомобиль сатылып, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 14,4%-ға артты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі. 

ҚАО деректеріне сәйкес, ең танымал ТОП-10 автокөлік моделінің барлығы Қазақстанда өндірілген. Бұл отандық автонарықтың дамып келе жатқанын көрсетеді.

Сатылым көлемі бойынша көшбасшылықты Hyundai маркасы сақтап қалды – 50 868 автомобиль (+15,4%). Екінші орында Chevrolet – 38 880 автомобиль (+25,7%), ал үшінші орында Kia – 23 402 автомобиль (+1,5%).

Одан кейінгі орындарда:

  • Chery – 14 570 автомобиль (–2,1%),

  • Jetour – 14 507 (+52,6%),

  • Haval – 11 688 (+6,4%),

  • Toyota – 11 338 (+2,7%) орналасқан.

Нарықтағы барлық сатылымның 80%-ы ірі он автокомпанияның үлесіне тиесілі. Ал қытайлық маркалардың нарықтағы үлесі өткен жылғы деңгейде сақталып, 39% болды.

Сонымен қатар, ең танымал үш модельдің көшбасшылары өзгерген жоқ. 2025 жылы қазақстандықтар ең көп таңдаған автокөліктер:

  • Chevrolet Cobalt – 31 802,

  • Hyundai Tucson – 20 697,

  • Kia Sportage – 10 988.

Айта кетейік, бұл көрсеткіштер елдегі автонарықтың тұрақты өсімін және отандық өндірістің маңызын айқындайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Автокөлік #сатылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 8 наурызға орай «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті

Бүгін 20:24

Алматы әкімдігінің өкілдері Абай шағынауданын неге жеке тұрғын үй құрылысы аймағына ауыстырмайтынын түсіндірді

Бүгін 18:34

Дархан Сатыбалды Алматыда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табыстады

Бүгін 18:31

Саясатта 17%, ғылымда 51%, кәсіпкерлікте 48%: Қазақстандағы әйелдер үлесі қанша?

Бүгін 18:17

Мәжіліс төрағасы әріптестерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі