AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда 17 мыңға жуық азамат көктемде әскерге...

Қазақстанда 17 мыңға жуық азамат көктемде әскерге шақырылады

Әлеумет 21.01.2022, 05:16 1,317
Қазақстанда 17 мыңға жуық азамат көктемде әскерге шақырылады
24 kz

Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінде, басқармалары мен бөлімдерінде 2022 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны алдында жастарды зерделеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Әскерге 18-27 жас аралығындағы азаматтар шақырылады. ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жеке істерді зерделеу уағында әскерге шақырылушылардың сауалнама деректері анықталып, әрбір жас азаматпен және оның ата-аналарымен әңгімелеседі. Зерделеу барысында әскерге шақырылушылардың алған мамандықтары міндетті түрде ескеріліп, сонымен қоса олардың моральдық және іскерлік қасиеттері, денсаулық жағдайы, дене бітімі, жалпы білімі, арнайы дайындығы мен отбасы жағдайы жөніндегі мәлімет нақтыланады.


Әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылған, тергеуде жүрген, заңсыз қоғамдық бірлестіктердің немесе дәстүрлі емес діни ағымдардың мүшелері ретінде арнайы есепте тұрған адамдар басты назарға алынады. Алдын ала зерделеу бастапқы кезеңде қандай да бір әскер түрлері мен тектерінде әскери қызмет өткеруге әзір жастардың сапалық құрамын анықтауға мүмкіндік береді. Әскерге шақырудан босату негіздерінің заңдылықтары, оның ішінде денсаулық жағдайы да тексеріледі.



Жергілікті әскери басқару органдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Мемлекеттік күзет қызметіне және Ұлттық ұланына әскерге шақыруды жүзеге асырады. Биыл көктемде шамамен 17 000 азамат әскерге шақырылады. Олардың 6 500-ден астамы Қарулы Күштердің бөлімдері мен бөлімшелерінде қызмет етеді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #әскер #азамат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Заң мен Тәртіп» жобасы аясында жастарға арналған құқықтық квест-марафон өтті

Бүгін 12:24

Қазақстандық артист Даяна Жетпісова XII Халықаралық «Цирк ханшайымы» фестивалінде Күміс тәж иегері атанды

Бүгін 12:19

Алматыда есірткіге тәуелді адамдардың саны азайды

Бүгін 11:32

Freedom Holding Corp.-тың 2026 ж. ж. түсімі $2,2 млрд құрады

Бүгін 11:29

Алматыдағы Айнамалы көшесінде инженерлік желілер құрылысына байланысты қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 11:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);