AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан үш айға пияз экспортын тоқтатты

Қазақстан үш айға пияз экспортын тоқтатты

Әлеумет 18.01.2023, 03:30 1,157 Almaty-akshamy
Қазақстан үш айға пияз экспортын тоқтатты
Сурет: Zakon.kz

2022 жылы елдегі пияздың өнімі 1,1 миллион тонна болды.


Сыртқы сауда саясаты және экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия пияз экспортына 3 ай мерзімге тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл пияздың Қазақстаннан жаппай шығарылуын болдырмау және оның бағасын тұрақтандыру үшін жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Үшінші елдердің қазақстандық пиязға деген сұранысы Азия мен әлемдегі ең ірі пияз өндірушілердің бірі - Пәкістандағы табиғи апаттармен байланысты. Бұл елдегі су тасқыны әлемде, оның ішінде біздің елдің нарығында пияз бағасының өсуіне әкелді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.


Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде, сонымен бірге Өзбекстанда өнімнің қатты аязда үсіп кетуі оның құнына қосымша салмақ болып отыр. Осылайша, пияздың негізгі өндірушілері енді қазақстандық өнімді белсенді түрде импорттап жатыр.



"Сонымен қатар, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылы елдегі пияздың өнімі 1,1 миллион тонна болды. Бұл ретте қазақстандықтар жыл сайын бұл көлемнен 3 есе аз, орташа есеппен алғанда 315 мың тонна тұтынады. Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, бұл күні елімізде пияздың расталған қоры – 152,4 мың тонна, бұл былтырғы егіннің жалпы көлемінің 14%-і ғана. Бұл көлем жаңа өнім жиналғанға дейін жеткілікті, сондықтан экспортқа енгізілген шектеулер Қазақстаннан қалған пиязды әкету тәуекелдерін болдырмайды", - деп хабарлады ведомство.



Республикада пияздың көтерме бағасы – бір келісіне 150-170 теңге, ал көршілес Ресей мен Өзбекстанда баға 240 теңге көлемінде тұрады. Qaztrade мәліметтері бойынша, Өзбекстан мен Тәжікстан өз елдерінде пияз экспортына шектеу қойған болатын. 


Үкімет жақын арада нарықтық жағдайды жақсарту кезінде барлық шектеулерді уақтылы алып тастау үшін елдегі және әлемдегі жағдайды мұқият қадағалайды. Фермерлер үшін пияз экспортына тыйым салудың жағымсыз салдарын азайту үшін бүгінгі күні ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден пиязды ӘКК арқылы тұрақтандыру қорларына, сондай-ақ сауда желілері арқылы айналым схемасы арқылы сатып алудың әртүрлі тетіктері іске асырылып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пияз #экспорт #министрлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);