Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан трендтік туристік бағыттар қатарына енді

Қазақстан трендтік туристік бағыттар қатарына енді

Әлеумет 02.04.2025, 14:30 738
Қазақстан трендтік туристік бағыттар қатарына енді
Сурет: Әспет Дулатбекова

Қазақстан араб елдерінің туристері үшін Ораза айт-2025 мерекесі кезіндегі танымал бағыттардың қатарына енді. Өткен жылы біздің еліміз осы аймақтағы тез дамып келе жатқан туристік бағыттардың рейтингін басқарған.

Khaleej Times зерттеуі бойынша БАӘ тұрғындарының 60%-ы Ораза айт мерекесін атап өту үшін шетелге саяхаттайды және олардың көбі отбасылық демалыс үшін бюджеттік визасыз бағыттарды таңдайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Басылымда трендтік елдердің қатарына Қазақстанмен қатар Әзербайжан, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения кіргені атап өтілген. Олардың барлығы визалық режимнің қолайлығымен ерекшеленеді. Gulf times қысқа қашықтыққа саяхаттаудың танымалдығы арта түскенін көрсетеді.

Әсіресе, экспатрианттар арасында визалық жеңілдіктер ұсынатын елдерге баруға сұраныс көбейген. Бұл ретте Қазақстанға, Грузияға, Әзірбайжанға, Египетке және Иорданияға сапарлар танымал бола түсуде.

- Middle East Economic Ораза айт-2025 мерекесі кезінде баруға болатын 15 трендтік бағытты белгіледі. Қазақстанның БАӘ туристері арасында танымалдығы мәдени мұра мен табиғи ландшафттардың алуан түрлілігімен ғана емес, сондай-ақ қолжетімділігімен де түсіндіріледі. "Қазақстан - Орталық Азиядағы ең ірі ел, заманауи қалаларды, бірегей табиғи ландшафттарды және бай мәдени мұраны біріктіреді. Елорда астанасы Бәйтерек монументі мен Хан Шатырды қоса алғанда, футуристік сәулетімен таң қалдырады. Алматы өзінің жарқын мәдениетімен, Медеу мұз айдыны мен Шымбұлақ тау курорты сияқты көрікті жерлерімен танымал. Табиғат сүйер қауым “қазақстандық гранд-каньон” аталып кеткен Шарын шатқалын немесе жанға тыныштықты сыйлайтын Көлсай көлдерін зерттей алады. “Алтын-Емел" ұлттық паркінің жұмбақ барқандары және Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи тарихи кесенесі елге бірегейлік қосып, оны Ораза айт 2025 мерекесі кезінде баруға болатын ең жақсы орындардың біріне айналдырады,- деп көрсетілген материалда.

Айта кетейік, Қазақстанда туризмге салынған инвестиция көлемі 20,3%-ға артты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #трендтік туристік бағыт #рейтинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02

Алматыда жүргізушілер көлігінің шығарындысын тегін тексере алады

Бүгін 15:59

Суасты сырлары: Алматыда ерекше көрме ашылды

Бүгін 15:49

«Тumar tunes» – атты « Тumar KBTU» оркестрінің есептік концерті өтеді

Бүгін 15:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика