AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақстан тарихының көптомдығы әзірленіп жатыр

Қазақстан тарихының көптомдығы әзірленіп жатыр

Мәдениет 30.04.2024, 03:51 1,032
Қазақстан тарихының көптомдығы әзірленіп жатыр
Сурет: интернеттен

Бұл жұмысқа 300-ден аса ғалым кіріскен.


ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Алматы қаласындағы Ә.Марғұлан атындағы Археология институтында "Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін" атты жаңа академиялық басылымды әзірлеп жатқан жетекші ғалымдармен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, сондай-ақ томдардың редакциялық алқаларының жетекшілері мен мүшелері – Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Ақан Оңғар, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері Болат Көмеков, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары Жомарт Жеңіс, Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институтының бас ғылыми қызметкері Айболат Көшкімбаев, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталығының директоры Меруерт Әбусейітова, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары Шәмек Тілеубаев, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Бүркітбай Аяған көптомдықты әзірлеу жұмысы туралы Мемлекеттік кеңесшіге ақпарат берді.



Жиында Ерлан Қарин Қазақстан тарихы туралы академиялық басылымды әзірлеу барысының аралық қорытындысын жасады. Мемлекеттік кеңесші көптомдықтың дайындық дәрежесін бағалай отырып, осы ғылыми жобаны жүзеге асыру ұтымды әрі объективті көзқарастарды, барлық тарихи фактілерді, материалдар мен құжаттарды жан-жақты зерделеуді және соңғы жылдардағы ғылыми жаңалықтарды айналымға енгізуді қажет ететінін атап өтті.



Бұл жобаға 5 ғылыми институт, еліміздің 250-ден және шетелдің 60-тан астам тарихшы ғалымдары жұмылдырылды. Көптомдыққа 40-тан аса археологиялық зерттеу материалдары, тарих, археология және этнография салалары бойынша 300-ге жуық еңбек енетін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тарих #Қазақстан #ғалым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда JAN Production киностудиясының директоры қамалды

Бүгін 09:10

Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:39

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);