AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан тағы да спутник ұшырмақ

Қазақстан тағы да спутник ұшырмақ

Әлеумет 17.09.2024, 15:37 2,664 yakiya
Қазақстан тағы да спутник ұшырмақ
интернеттен

2026 жылға жоспарланған. 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстанның жаңа жер серіктерін ұшыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Қазақстанның «GHALAM» ЖШС компаниясы 2023 жылдан бастап Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені базасында «KazEOSat-MR» жерді қашықтан зондтаудың үш жер серігінен тұратын топтаманы құру бойынша жұмыстарды атқарып жатыр. Оларды ұшыру 2026 жылға жоспарланған», - делінген министрліктің хабарламасында.

Ведомство ақпаратына қарағанда, 2029 жылға қарай «KazSat-3» байланыс спутнигін жаңасына ауыстыру қарастырылған. Жаңа аппарат сұранысты қанағаттандыруда және елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заманауи техникалық шешімдерді қолдануға арналған. Бұл бағытта шетелдік ғарыш техникасын өндірушілерден алдын ала техникалық-коммерциялық ұсыныстар алынды. Осы ретте жобаға қойылатын талаптарды қалыптастыру және оны қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар басталған.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғы 28 сәуірде «KazSat-3» үшінші ұлттық геостационарлық хабар тарату және байланыс спутнигі сәтті ұшырылған. «KazSat-3» спутнигінде Қазақстан аумағын байланыс қызметімен қамтамасыз ете алатын Ku-диапазонды 28 транспондер орнатылған. Ғарыш аппаратының жұмыс істеу мерзімі - 15 жыл.

Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп ғарышқа спутник ұшыруды жоспарлап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #спутник #казсат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Кеше 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);