Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстан суперкубогын өскемендік қыздар жеңіп алд...

Қазақстан суперкубогын өскемендік қыздар жеңіп алды

Спорт 18.11.2021, 13:20 1,469
Қазақстан суперкубогын өскемендік қыздар жеңіп алды
inform.kz

Петропавл қаласында Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 1-туры аясында суперкубок сарапқа салынды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Ел чемпионы, сондай-ақ биылғы кубок иегері Өскеменнің «Алтайы» мен Қазақстан кубогының финалисі талдықорғандық «Жетісу» алаңға шықты.


Сербиялық маман Марко Гршич жаттықтыратын өскемендік қыздар (команда капитаны Сана Анарқұлова) алғашқы партияда басымдылық танытты – 25:16. Екінші сетте Елена Павлованың шәкірттері есепті теңестірді – 25:21.


Дегенмен бұдан кейін «Алтай» қарсыластарына дес берген жоқ – 25:19, 25:17. Жалпы есеп – 3:1. Осылайша өскемендіктер бесінші рет суперкубокты ұтып алды.


Бұл – олардың биылғы төртінші жүлдесі. «Алтай» бұған дейін чемпиондық кубокқа қоса Азия клубтық біріншілігінде де үздік шыққан болатын.


«Алтай» жаңа маусымды да сәтті бастап, 1-турда жеті ойыннан кейін 21 ұпаймен жекедара бірінші орынға шықты. Талдықорғандықтар 6 кездесуден 15 ұпай жинап, екінші сатыда қалды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#волейбол #Алтай #суперкубок
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мұрат Әбенов көше жарысына жазаны қатаңдатуды ұсынды

Бүгін 12:19

“Әскерде мені зорлады”. Threads-тағы жалған жазба авторы Астанада ұсталды

Бүгін 11:37

Қарағандыда пәтерден әйел мен кәмелетке толмаған қыздың мәйіті табылды

Бүгін 11:19

Парламент “Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы” заңды қабылдады

Бүгін 10:42

Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын толық басқаруға беру ұсынылды

Бүгін 10:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика