AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Цифрлы көлік дәлізін қалыптастыруды ұсын...

Қазақстан Цифрлы көлік дәлізін қалыптастыруды ұсынды

Әлеумет 21.11.2022, 16:03 1,097
Қазақстан Цифрлы көлік дәлізін қалыптастыруды ұсынды
Сурет: Министрлік

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «Еуропалық одақ – Орталық Азия: «Жаһандық дәліз» Стратегиясы» өзара ынтымақтастықты арттыруға арналған Самарқанд конференциясына қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ведомство басшысы «Жаңа геосаяси жағдайдағы Қазақстанның көлік жүйесі» тақырыбына арналған параллель сессиясында көпшілік алдында еліміздің аталған бағытта ұстанған саясатын жеткізіп, онда осы аймақ пен Еуропа елдері арасындағы транзиттік ағындарды қамтамасыз ететін Орта және Оңтүстік дәліздерді дамытуға байланысты қолға алынған жұмыстарды айтып берді.


Сондай-ақ конференцияға қатысушылар Қазақстанның жүк тасымалындағы көрсеткіштері және министрлік жоспарлаған 2025 жылға дейінгі жобалар туралы мәліметке қанықты. Оның ішінде Ақтау портында контейнерлік хаб құру, Достық-Мойынты учаскесінде екінші теміржол мен Алматы стансасында айналма теміржол желісін салу, сауда флотын кеңейту, сондай-ақ жүк транзитінің көлемін жылына 10 млн тоннаға дейін ұлғайту бойынша перспективаларымен танысты.



Соңында министр жүктерді тасымалдауда «өтпелі» тарифтік мөлшерлемені қарастыратын «Жасыл дәлізді» құрып, жүк тасымалы құжат айналымында «жіксіз» алмасуды жолға қоюды, сонымен бірге халықаралық нарықтарға шығуға мүмкіндік беретін «Цифрлы көлік дәлізін қалыптастыруды ұсынды.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айтуынша, аталған ұсыныстар Еуропалық одақ пен Орталық Азия елдері арасындағы алыс-берісті тұрақты және қауіпсіз іске асыруға жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көлік дәлізі #Самарқанд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Кеше 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Кеше 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Кеше 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Кеше 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Кеше 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика