Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл

Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл Сурет: Zhaikpress.kz

Биыл барша қазақ елі үшін айрықша тарихи жыл – Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толды. Бұл – тек уақыттың өлшемі ғана емес, тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы ең қасиетті белестердің бірі.

Әр халықтың тарихында елдің тағдырын шешетін, болашақ бағытын айқындаған кезеңдер болады. Ол – өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары еді. Кеңес Одағы ыдырап, сан ғасыр бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізген шақта халқымыздың алдында жаңа сұрақ тұрды: «Біз мемлекетімізді қандай заңмен, қандай тәртіппен, қандай негізбен басқарамыз?» Міне, осы сауалға берілген айқын әрі шешуші жауап – 1995 жылы қабылданған Ата Заңымыз болды.

Конституция – жай ғана құқықтық құжат емес, ол – халық жүрегінің үні, елдің тағдырын түгендеген тегеурінді заң. Халқымыз оны бекерден-бекер «Ата Заң» деп атамаған. Өйткені оның әрбір бабы – халықтың құқығын қорғап, болашаққа жол сілтейтін шамшырақ. Отыз жыл бойы Конституциямыз Қазақстанды татулықтың туы, тұрақтылықтың тірегі, әділеттің айнасы етіп келеді. «Әділ заң – елдің айбыны» деп ата-бабамыз айтқандай, Ата Заңымыз ел ішіндегі тыныштықты, әр азаматтың теңдігін қамтамасыз етті. Бүгінде Қазақстанды әлем бейбітшіліктің бесігі, тұрақтылықтың мекені ретінде таниды. Бұл – Конституцияда бекіген демократиялық құндылықтардың жемісі.

Халқымыз ежелден-ақ әділдік пен заңға сүйеніп, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» – барлығы да халқымыздың өмірін тәртіпке келтірген дала заңдары болды.

Бүгінгі Конституция – сол дәстүрдің заңды жалғасы, жаңа дәуірдегі жалғамы. Бабаларымыз: «Хан әділ болса – халық ырысты, Заң әділ болса – ел тынышты» – деп тегін айтпаған. Ата Заңымыздың әділдігі мен кемелдігі арқасында әрбір қазақстандық өзінің құқығын қорғап, арман-мақсатын жүзеге асыра алады. Ең бастысы – бейбіт аспан астында өмір сүреді.

Отыз жыл – тарих өлшемімен қысқа ғана уақыт, бірақ біз үшін бұл жылдарда ғасырға татитын істер атқарылды. Мемлекетіміздің әрбір жетістігінің артында Конституцияның қағидалары тұр. Әр азаматтың еркін білім алуына, еңбек етуіне, өз пікірін ашық айтуына құқық берілді. Бұл – дамыған елдерге тән құндылықтар.

Конституция – құтты қазық, мәңгілік бағыт, ар-намысымыздың айнасы. Әлемде түрлі қақтығыстар, дау-жанжалдар орын алып жатқанда, біздің елде татулық пен бірліктің салтанат құруы – Ата Заңымыздың артықшылығы. Отыз жылдық мерейтой – өткенге тағзым етіп, болашаққа сеніммен қараудың сәті. Ендігі міндет – осы асыл мұраны қастерлеп, әрбір бабын құрметтеп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғау.

Еліміздің ұраны айқын: Ата Заң – баршаға ортақ асыл мұра. Оның қадірін біліп ардақтау – бізге парыз!

Конституциямыз – елдіктің еңсесі, бірліктің байрағы, тәуелсіздіктің тірегі болып жасай берсін, халқымыздың мерейі әрқашан үстем болсын!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:07

17:57

17:07

16:08

15:54

15:01

13:52

12:58

12:31

11:54

11:21

11:04

09:48

18:24

18:20

16:30

16:14

16:09

15:36

15:33

15:16

14:26

14:13

12:46

11:21